ЭКСПО – 2017 көрмесі
14 шілдеде бастауыш сынып мұғалімі Касенова Жанна Нуртаевна отбасымен ЭКСПО – 2017 көрмесіне барды. Ондағы көптеген ұлттардың адамдарын, павильондарды, сонымен қатар көрмедегі озық жобалар мен жаңа технологияларды көріп таң-тамаша болды. Әр елдің рухани-мәдени шараларынан ерекше әсер алды, бірақ айрықша қызығушылық танытқан «Нұр Әлем» павильоны.
«Экспо-2017» көрмесі
Астана қаласына «Экспо-2017» көрмесіне шілде айының 8-і күні отбасыммен бардым. Экспо көрмесіне әлемнің түкпір-түкпірінен келген елдердің мәдениетімен таныс болдық. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтті. Экспо көрмесінде әр елдің павильондарын аралап, қолөнерлерімен, технологияларымен таныстық. Барлық көрмелер көңілімізден шықты. Ерекше әсер қалдырған еліміздің «Нұр Әлем» көрмесі.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Н.Бектурова