Сыбайлас-жемқорлыққа қарсымыз
5- 9 сынып оқушылары арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы атты сабақ өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, жемқорлықтың не екенін түсіну, патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сыбайлас- жемқорлыққа қарсы слайд, бейне-сюжеттер көрсетіліп, оқушылардың өзіндік пікірлері тыңдалып, алған әсерлері туралы ой бөлісті. Күнделікті теледидардан көрген сыбайлас жемқорлыққа байланысты келеңсіз іс-әрекеттер туралы айтылды. Өздері осындай келеңсіз оқиғаға куәгер немесе хабардар болған жағдайда 1424 сенім телефонынахабарласу керек екендігі ескертілді. Сабақтар «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы!» деген ұранмен өтті.
Аға тәлімгер А.Бейсенбина
Жемқорлық
Жемқорлық (лат. corruptio – сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің құрт асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады. Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет (қысқаша Сыбайлас жемқорлық). 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заң қабылдады
Елбасы, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауында жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге баса назар аударады.
«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп еді Елбасымыз.
Біздің міндет – халыққа қызмет!
Ел болып, сыбайлас жемқорлықты жеңейік!
Осы шараға байланысты мектебімізде стендтер ілінді.
Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет.
Сыбайлас жемқорлық
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.