«БАЛАПАН» шағын орталық – тәрбиенің алтын бесігі.
Қазақстан негізгі орта білім беретін мектеп жанындағы «БАЛАПАН» шағын орталығы жылдан-жылға өркендеп келеді. «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» – деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата – анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс – тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады.
Биязы тәрбиешілер, білімді оқытушылар – өз істерінің нағыз мамандары, және де, ең бастысы, осы жеткен жетістікпен шектеліп қалмақ емес. Өздерінің білімдері мен біліктіліктерін шыңдауда. Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Әрбір ата-ананың тілегі ескерусіз қалмайтынына өзіміз куә болып жүрміз. Күн сайын балабақшада үйренгенін, түйгенін өзіңмен асыға бөлісетін балапандарың жаныңды қуантса, балабақша ғимаратындағы ұқыптылық пен тазалық көзіңді қуантады.
Әрбір ата-ана сияқты, біз де балаларымыздың өз заманына сай оқыған-тоқыған және, ең бастысы, АНА ТІЛІНІҢ тұнығынан сусындап, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДАН қол үзбей өскенін қалаймыз. Сол тұрғыдан алғанда «БАЛАПАН» шағын орталығы біздің және көптеген ата-аналардың талап-тілектерінің мүддесінен шыға білді. Шағын- орталықта балалармен әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық, социум, денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша сабақтар өтеді. Осы бүлдіршіндеріміз әр мерекелік іс-шараларға белсене ат салысып өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, сызушы балаларды байқауға болады. Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір – біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтып отырады. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым – қатынастарын қалыптастыру.
«БАЛАПАН» шағын орталығына үлкен алғысымды білдіремін. Әр баланың мінез-құлқы, психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Балаға тұлға деп қаралып, оның таным-түйсігіне сыйластықпен қарым-қатынас жасайды. Өйткені ауылымыздағы бір ғана шағын орталық болып есептеледі. Шағын орталықтарыңыз өркендеп өсе берсін!»
Сөз соңында, шағын орталық ұжымына жүрекжарды алғысымызды білдіріп, еңбектерінің жемісті, жұмыстарының табысты болуын тілейміз!!!
Құрметпен, шағын орталық ата-аналары!