[espro-slider id=3274]
WhatsAppImage2017-10-17at11.41.32.jpg
Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

ОСНОВЫ_ВОСПИТАНИЯ 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ

ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Тәрбие жұмысында жаңа инновациялық технологияларды қолдану 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы «22» сәуірдегі
№ 227 бұйрықпен
бекітілген

ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Астана
2015

Құрылымы

Кіріспе…..……………………………………………………………
3

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны және іске асыру механизмдері………………………………

6

Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету…………………………………..
6

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері……………………………………….
7

Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері……….

8

Тәрбие жұмысының басым бағыттары ……………………………………
9

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру
шарттары ……………………………………………………………………………….

16

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда күтілетін нәтижелер ……………………………………………………………………………

17

Глоссарий ……………………………………………………………………………..

18

 

 

Кіріспе

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік мәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар, адам өмірі мен денсаулығы, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизмді, еңбексүйгіштікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында, отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиені кіріктіруге, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.
Тұжырымдамалық негіздер Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиенің даму перспективасын, басым бағыттарын, тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және тетіктерін анықтайды.
Тұжырымдамалық негіздер жаһандану дәуірінде қазіргі адамда қоршаған әлемге технократтық және тұтынушылық көзқарас үстем болатын заманауи қоғам дамуының ерекшеліктерін ескереді.
Осыған байланысты адамзатты ұлттың тұрақты дамуының, рухани әлеуетінің артуына кепіл болатын прогрестің рухани-адамгершілік құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығын нығайтуға қайта бағдарлау қажет.
Ұлттың ерекшеліктерін, психологиясын, менталитетін ескермеу, ұлттық-мәдени құндылықтар бастауынан алыстау немесе оларды космополитизм мен жалған мәдениет түрлерімен алмастыру – адамның моральдық азуына, қоршаған әлемге агрессиясының артуына, рухани-адамгершілік әлеуетінің құлдырауына әкеліп соқтырады.
Жалпыәлемдік тәрбие жүйесін зерттеу және талдау елімізде біртұтас кешенді тәрбие жүйесін, оның мақсаты мен мазмұнын ұлттық мақсаттар, мәдени құндылықтар мен дәстүрлер, діл ерекшеліктерін ескере отырып, әлемдік озық тәжірибе, заманауи прогрессивті ағымдар, инновациялар үйлесімінде құрудың маңыздылығын көрсетіп отыр.
Туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, отбасылық құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кең пейілділік, бауырмалдық, ашықтық, қонақжайлылық, толеранттылық – қазақ халқының діл ерекшелігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді даму жылдарында барша қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Жолдауда бұл құндылықтар атап көрсетілген: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Президент сонымен қатар, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беретін белсенді, білімді және дені сау азамат қалыптастыру міндетін қойды.
Патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдениетті бойына сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі – 2020 жылғы қазақстандық жастар осындай болады.
Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз уақыт ішінде әлемдік қоғамдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, әлемдік экономикалық және мәдени кеңістікке белсенді түрде кіріге бастады. Қазақстандық жастар жаһандану процесіне кірігуі аясында қарқынды білім беру, ақпараттық және мәдени өзара алмасудың белсенді қатысушысы болды.
Қазіргі қазақстандық балалар мен жастарда сапалы білім алу уәжінің өсуі, әлеуметтік белсенділігінің артуы, жаңа кәсіптерді және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеруге ұмтылысы, коммуникативтілік, мәдениетаралық қарым-қатынасты жандандыру сияқты жаңа позитивті трендтер пайда болды. Өз елінің тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне, халқының мәдени мұрасына қызығушылықтарының артуы негізінде ұлттық өзіндік сананың өсуі байқалады. Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасу процесі жүріп жатыр. Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарының тәрбие процесінде көрініс тапты. Тәрбие практикасында жалпықазақстандық менталитет, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлер ескерілген ұлттың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.
Қазақстанның білім беру жүйесінде оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы (Бағдарлама идеясының авторы – С.А. Назарбаева) іске асырылуда. Бағдарлама білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше іске асырылған жағдайда қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту механизмдерінің мықты катализаторы рөлін атқарады.
Халықтық педагогиканың көпғасырлық тәжірибесіне негізделген, заманауи тәрбие теорияларының шабыттандыратын идеялары қолданылған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының (бұдан әрі – АРБ) әлемдік білім беру кеңістігінде теңдесі жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың адамгершілік-рухани тәрбиесінде білім берудің барлық деңгейлерінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарға бағдарланған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы ізгі ниетті, адамгершілік қасиеттері бар лайықты азамат тәрбиелеуге ықпал етеді, және Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда басты механизм болып табылады.
Мұғалімдердің кәсіби қызметінде жастардың функционалдық сауаттылығы, көпмәдениетті тәрбие, үштілді білім беру, ақпараттық технологияларды пайдалану процесі артып отырғаны байқалады. Республикадағы балалар мен оқушы жастарға қосымша білім беру жүйесі, үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдар үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр. Сонымен бірге, балалар мен жастардың бойында ұлттық тәрбие қажеттілігін сезіну мен азаматтық ұстаным, патриоттық сезім, ұлттық намысты қалыптастыру деңгейі арасында қарама-қайшылық байқалады.
Жастардың бір бөлігінде әлеуметтік-оң бастамашылық мүлдем жойылып, оның орнын мақсатсыз уақыт өткізу алмастырып отыр. Өмірлік жетістікке, жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізу табанды және нәтижелі еңбек етумен, қойылған мақсатқа дәйекті түрде жету білігімен байланыстырылмайды. Тәрбие жұмысында жастардың бос уақытын ұйымдастыру көңіл көтеру сипатындағы бір реттік шоу-шараларға ұқсас.
Тәрбие жүйесінде жаһандану процесіндегі шиеленіспен байланысты бірқатар проблемалар байқалады:
​- балалар мен оқушы жастардың бұқаралық мәдениет құндылықтарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет-сайттарға бағдарлануы;
​- қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі, оқушылар арасындағы жезөкшелік;
​- еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;
​- отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі;
​- әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, бүлдіргіш секталарға қатысу және т.б.
ЮНИСЕФ және ДДҰ 2012 және 2013 жылдардағы деректері бойынша Қазақстан суицид себебінен болған өлім-жітім көрсеткіші жағынан жасөспірімдер арасында екінші орында, ал қыздар арасында бірінші орында. Қазақстан 10-14 жасар жасөспірімдер мен қыздар арасындағы өлім коэффициентінің деңгейі бойынша бірінші орында тұр.
Балаларға қосымша білім беру жағдайы жақсартуды қажет етеді. Көптеген қызмет түрлері ақылы болғандықтан балалардың барлығына бірдей қолжетімді емес.
Мұндай жағдайдың бірден бір себебі тәрбиені әлеуметтік құбылыс және мақсатты процесс ретінде жете бағаламаушылық болып табылады. Тәрбие жастардың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын рухани-адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді қалайды.
Сонымен, қазіргі жағдайда тәрбиенің үйреншікті үлгісі тиімсіз болып қалды және жалпыадамзаттық әрі ұлттық құндылықтарға тәрбиеленген Қазақстан азаматын қалыптастырудың жаңа жағдайлары мен талаптарына жауап беретін Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың объективті алғышарттары қалыптасты.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны және іске асыру механизмдері

Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.
Міндеттері:
– білім беру ұйымдары, отбасы және басқа әлеуметтік институттар-
дың күшін біріктіру;
– қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу;
– білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі
мен сабақтастығын қамтамасыз ету.
Нысаны: білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас педагогикалық процесі.
Іске асыру тетіктері: Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негіз болады.

Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының келесі стратегиялық құжаттары құрайды:
​– Қазақстан Республикасының Конституциясы;
​- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. 2011. 02. 02. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
− «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ Кодексі (2014. 17.11. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
– «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (2015.13.01. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
– «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы (2014.29.12. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
– «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республика-
сының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы;
– Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;
– Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»;
– Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»;
– Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығымен бекітілген (2014. 12.08. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
– Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 жарлығымен бекітілген;
– Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген;
− «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы;
– «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекет –
тік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысымен мақұлданған;
– Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 Бұйрығымен бекітілген;
– «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Бұйрығы.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, Бала құқықтары туралы конвенцияны, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының халықаралық декларациясын, Үздіксіз білім беру бойынша ЮНЕСКО ұсынымдарын ескереді.

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.
6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Тәрбие процесін ұйымдастырудың
әдіснамалық негіздері

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері келесі әдіснамалық негіздерге сүйенеді:
Құндылықты (аксиологиялық) көзқарас – адамзаттың түсінігімен және рухани-адамгершілік мазмұнымен анықталатын адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қатынасы, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық бірлігіне сүйену.
Антропологиялық көзқарас – тәрбие тақырыбы ретінде адам туралы білімнің барлық деректерін және олардың есебін біртұтас педагогикалық процесті құруда және іске асыруда жүйелі қолдану.
Тұлғалық-бағдарлы көзқарас – өзара байланысты түсініктер, іс-әрекет идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның дербестігін дамыту.
Қызметтік көзқарас – педагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және іс-әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік талдау және іс-әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың іс-әрекетін қалыптастыру, таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі позициясына ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді.
Құзыреттілік көзқарас – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушыларда құзыреттіліктерді қалыптастыру мен олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдар жиынтығын ескеру.
Әлеуметтік көзқарас – тұлғаның мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік шынайылықтың ықпалын ескеру, осы ықпалдың адам және қоғамға тигізер педагогикалық салдарлары.
Жүйелілікті көзқарас – нысанды оны құрайтын бөліктердің жиынтығына қосылмайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі құрылыс ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі қарастыру құрылымдық компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік-иерархиялық байланыстар орнатуды, жүйеқұраушы факторларды анықтауды, сыртқы байланыстар талдауын қажет етеді.
Тұтастық көзқарас – білім алушы тұлғасының зияткерлік және рухани-адамгершілік дамуының бірлігін анықтайтын педагогикалық процестің мәнін көрсетеді.
Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлы байланыстарға негізделмеген, белгілі бір деңгейде өздігімен ұйымдастырылатын процесс ретінде емес, керісінше бір мағыналы емес, заңды және кездейсоқ, болжанған және стихиялы, ретті және ретсіз сияқты көптеген ішкі және сыртқы ықпалдармен келісілген процесс ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Тұжырымдамалық негіздер тәрбие процесінің келесі принциптерін іске асыруды жорамалдайды:
Гуманистік бағыт принципі – педагогтің тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъект ретінде бірізді қарым-қатынасы, оның тәрбие процесінде тұлғамен және ұжыммен ізгілікті қарым-қатынас негізінде өзара әрекет стратегиясы.
Жалпыадамзаттық құндылықтар принципі тәрбие рухани-адамгершілік дәстүрлер мен ұлттық және әлемдік мәдениет нормаларына негізделуі қажет деп сендіреді.
Мәденисәйкестілік принципі – тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және ұлттық мәдениеттердің жалпыадамзаттық құндылықтары мен нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.
Үздіксіздік принципі – тұлғаны тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде жан-жақты дамыту, оның күші мен қабілетін, кәсіби және жалпымәдени өсуін барынша толық жүзеге асыруда шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін байыту.
Табиғисәйкестілік принципі – табиғат дамуының ортақ заңдарының басымдығы; табиғи және әлеуметтік процестердің өзара байланысы; тәрбие жұмысында білім алушылардың жынысы мен жас ерекшеліктерін ескеру.
Тұтастық принципі оқу және оқудан тыс қызметтердің кіріктірілуімен қамтамасыз етіледі: оқу қызметі когнитивті құрамдасты қалыптастырады; сабақтан тыс қызметте эмоционалды-құндылықты мінез-құлық компоненті дамиды.
Этникалық принцип – тәрбиені ұлттық сана қалыптастыруға бағытталған ұлттық мазмұнмен толтыру, барлық азаматтар үшін ана тілінде білім алу және қарым-қатынас жасау үшін, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, рәсімдерді зерттеуге жағдай жасау.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.
Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.
Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
– Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;
– ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;
– елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;
– өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;
– басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;
– өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;
– құқықтық білімге, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрысына;
– заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;
– әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
– мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына;
– өзінің қасиетіне, арына және парызына;
– ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;
– өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет
ғұрпына;
– діни құндылықтарға;
– ой, сөз және іс бірлігіне;
– өзінің мінез-құлқын жетілдіруге;
– ар-ұжданымен орындалған қылықтарға;
– түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне;
– адамдарға риясыз қызмет етуіне;
– өз ата-анасына, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім
білдіру.
Іске асыру механизмдері
Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
– этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке;
– мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне;
– өз халқының мәдени мұрасына;
– қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;
– Қазақстанның этномәдениетіне;
– этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс іс-әрекеттерте жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру
Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы мен Гимнін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Төртінші бағыт – Отбасы тәрбиесі
Мақсаты:
Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
– этноәлеуметтік рөлдерге;
– өз отбасына және ұрпақты жалғастыруға;
– адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау.
Іске асыру механизмдері
Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; Репродуктив денсаулық орталықтары, мамандар кеңесін және бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында ата-аналарды оқыту, жасөспірімдер мен бойжеткендердің жүріс-тұрыс мәдениеті туралы жастармен әңгімелер жүргізу, жоғары сынып оқушылары мен ЖОО студенттері үшін «Отбасылық өмір этикасы» электив курсын кіргізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысу; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс арқылы ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқу; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, байқаулар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» жарыстары арқылы жүзеге асырылады.
Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
​ Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
– экологиялық даму саласында мемлекеттік саясатқа, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;
– экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне;
– «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;
– табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;
– кәсіби білім мен өнімді еңбекке;
– нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру;
– экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;
– еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге;
– мамандық таңдауына;
– үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысы және «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында волонтерлық қозғалыстар, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, табиғат зоналарын қоқыстан тазартуға қатысу.
Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер; кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің, оқу шеберханалары мен зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады.
Алтыншы бағыт – Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты:
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
– өмір бойы білім алуына;
– өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне;
– сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану
қабілетіне;
– зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілетті-
лікті меңгеруіне;
– пікірталас жүргізу дағдыларына;
– жасампаз қызметке;
– топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға;
– ақпараттың түрлі дереккөздеріне;
– қажетті ақпарат алу арналары мен іздестіру жолдарына;
– өз қызметінің түрлі салаларынан алынған ақпаратқа;
– Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;
– Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;
– ақпарат дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне;
– Интернет-сауаттылық қалыптастыруға;
– ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға;
– жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, оқу пәндері, электив курстар, қызығушылығы бойынша үйірмелер және сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, балалармен және жастармен бірлескен жобалық жұмыстар; сабақтан тыс қызметтер, балалар мен жастар бірлестіктеріндегі қызмет, түрлі деңгейдегі бірге басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру, жаратылыстануғылыми және гуманитарлық циклдары пәндерінің «Өзін-өзі тану» пәнімен кірігуі, элективті курстар: «Физика жүрек үнімен», «Математика рухани-адамгершілік заңдары туралы ғылым ретінде», «Тарихтың адамгершілік тағылымдары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» және т.б. жүргізу. Зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиа-орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды дәріптеу. Психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Жетінші бағыт – Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты:
Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
– толеранттылық және ғаламдық пікір;
– көпмәдениеттілік және көптілділікті;
– мәдениетаралық әрекет;
– мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу;
– қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын;
– қарым-қатынас мәдениетін;
– эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына;
– шығармашылық ой мен қиялға, шығармашылық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, жалпыадамзаттық құндылықтар бірлігін барлық мәдениеттен айқындауда «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасын кіріктіру, жастарда әралуан мәдениеттер мен халықтардың бірлігін көру біліктілігін дамыту. Үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б. кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады.
Сегізінші бағыт – Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты:
Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
– денсаулық жағдайының скринингіне;
– әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;
– теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге;
– табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;
– денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа;
– өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылық;
– қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;
– денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, дене тәрбиесі сабағы, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында репродуктив денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстар, семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдері, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарлар өткізу; ақпараттық-диагностикалық материалдар дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Тәрбиенің тұжырымдамалық
негіздерін іске асыру шарттары

Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруда ҚР «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы» Заңдарға және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Ақпараттық қамтамасыз ету – тәрбие мәселелері бойынша заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, мектепішілік және жоғары оқу орныішілік бұқаралық ақпарат құралдары, баспа қызметін ұйымдастыру және т.б. Бұқаралық ақпарат құралдарында салауатты өмір салтын, үздік мұғалімдер, озат білім беру ұйымдары, ең үздік мемлекеттік қызметкерлердің, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбектерін, үлгілі отбасыларды және т.б. насихаттауды ынталандыру механизмдерін дайындау.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету – тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен ұсыныстар дайындау. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша озық тәжірибелерді, креативті ойлар мен авторлық бағдарламаларды зерттеу, талдау және енгізу. Оқу-әдістемелік құралдарды қолдану, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие жұмысы тәжірибесін енгізу. Этнопедагогика және психология, қазақ халқының игілігін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жыл сайын оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізбесіне тәрбиелік және дамытушы сипаттағы оқу әдебиеті кітаптарын, хрестоматиялар мен альманахтарды қосу.
Ұйымдастыру-басқарушылық қамтамасыз ету – тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру негізінде білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдық бөлімшелерінде тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлау, олардың жұмысын үйлестіру үшін жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын кіріктіру негізінде біртұтас білім беру кеңістігін құру; тәрбие жұмысының тиімді тәжірибесін үнемі зерделеу, жинақтап қорыту және тарату, тәрбие процесіне мониторинг жүргізу, тәрбие процесі субъектілерінің пікірін зерделеу. Зерттеушілік, инновациялық қызметті қолдау; отбасы тәрбиесінің әлеуетін күшейту.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету – қажетті материалдық, техникалық жағдайлар жасау, тәрбие жұмысын республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру, тәрбие процесіне қатысушыларды ынталандырудың икемді жүйесін тиімді пайдалану.
Психологиялық-педагогикалық қолдау – бала тәрбиесінде білім беру ұйымдарының колледждердің педагогикалық ұжымымен және жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамымен, ата-аналар қауымдастығымен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастығы.
Дамуында психологиялық-педагогикалық кемшіліктерді түзетуді қажет ететін балалар мен жастардың түрлі санаттарымен жұмыс жүйесін жетілдіру.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие жұмысының тәжірибесін тарату және енгізу: тәрбие жұмысын академиялық пәндер, қосымша білім беру, сыныптан тыс іс-шаралар және жобалар арқылы жүзеге асыру тәжірибесі. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы, «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы, әлеуметтік практикалар, волонтерлық, әлеуметтік акциялар, зияткерлік ойындар және т.б.
Кадрлық қамтамасыз ету – «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» АҚ Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» курстарында педагогикалық кадрлардың білімі мен біліктілігін арттыру; сынып жетекшілері, кураторлар, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтердің функционалдық міндеттерін қайта қарау. Мектептерге тьюторлық институтын, еңбекақысы төленетін (штаттағы) сынып жетекшілерін енгізу.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін
іске асыруда күтілетін нәтижелер

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері:
– Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықты аясын;
– білім алушы жастарда қазақстандық патриотизмды, азаматтық өзіндік санасын, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, толеранттылық және рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың артып отырған деңгейін;
– жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті;
– рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;
– бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, қамқоршылық кеңестерінің рөлін көтеруді;
– білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамытуын;
– тұлғаның дамыған экономикалық ойын және кәсіби қалыптасуға
саналы қарым-қатынасын қалыптастыруды; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейін;
– табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алу мен өзін-өзі жүзеге асыруды, отбасы институтының өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыруға бағытталған.

Глоссарий

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көп мәдениетті тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тілін, тарихы мен әдет-ғұрпын құрметтеуге және сүюге, оның озық дәстүрлерін сақтауға, дамытуға, Қазақстандағы басқа да халықтардың мәдениетін зерделеуге, қабылдауға және меңгеруге негізделген азаматтық ұстаным мен патриоттық сананы, құқықтық және саяси мәдениетті, дамыған ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін, әлеуметтік және діни толеранттылықты қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында құқыққа қайшы көріністерге қарсы тұру даярлығын қалыптастыру зор маңызға ие болуда.
Ақпараттық мәдениет – адамның жалпы мәдениетін құраушылардың бірі; дәстүрлі, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды қолданып жеке ақпараттық қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру бойынша мақсатты дербес қызметті қамтамасыз ететін ақпараттық дүниетанымның және білім мен білік жүйесінің жиынтығы.
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатыадамда психикалық тұрақтылық пен кәсіби қызметінде тиімді қажеттерді қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын, жеке тұлғалық қасиеттер қалыптастыру. Оның құрамдасына профилактикалық білім беру кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктері, оның қызметінің ерекшеліктері, адамның дене, психикалық және рухани денсаулығының өзара байланысы туралы түсінік беретін ағарту жұмысында ғана емес, сол сияқты тәрбиеленушілерді түрлі спорт түрлеріне тікелей баулу арқылы да жүзеге асырылуы тиіс.
Еңбек және экономикалық тәрбие балаларда, жасөспірімдер мен жастарда өзіне-өзі қызмет ету білігін және дағдысын, еңбек іс-әрекетінің әр түріне жауапты және шығармашылық қарым-қатынасын, ұжымда, топта жұмыс істеу біліктілігін; адамның өз әрекетінің мәнін және салдарын дұрыс бағалап, қажетті ресурстарды пайдаланып, олардың шынайы әсерін күшейте отырып, белсенді және жауапкершілікпен әрекет етуді, яғни жаңа өндірісті және қоғамды құру біліктілігін қалыптастыруды көздейді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл уақыт өте келе өзгеріске ұшырамайтын және адамдардың белгілі бір шектеулі тобы (әлеуметтік топ, таптар, партия, мемлекет немесе мемлекеттердің коалициялары) үшін емес, барша адамзат үшін маңызды абсолют құндылықтар. Бұл құндылықтар халықтың барлығына тән, ішкі мәні терең және сыртқы моральдық ережелер емес, тура ішкі іс-тәжірибе нысаны ретінде қабылданады, яғни олардың негізінде адамның ар-намысы махаббат, шынайылық, жайлылық, парыз, күштемеу, қайырымдылық, рақымшылықты нақтылы түрде көрсетеді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар мәңгі, тарихи тұрғыдан шектелмеген рухани табиғатқа ие, әлеуметтік, саяси, ұлттық, ғылыми, тұлғалық және басқа құндылықтар жүйесінің өзгермелі инварианты болып табылады, әр адамда және материалдық әлемде барынша қалыптасады. Олар барлық адамдар үшін эталон, үлгі болып саналады, оларды дамытуға педагогикалық процесс бағытталған.
Жеке тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту қажеттілігін қа-лыптастыруы. Өзін-өзі тану адамға қоршаған әлемді түсінуге және өзінің сондағы орнын сезінуге, өмірлік ұстанымын анықтауға, қоршаған әлемге көзқарасын жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан жүйелеуге көмектесуі тиіс. Өзін-өзі тану жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өзектендіруіне, оның қабілеттері мен әлеуеттік мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қажетті шарт болып табылады. Адам, сонымен өзін-өзі тануының нәтижесінде толысу сезімін, өмір қуанышын, оның мәнісін сезіне отырып тұлғалық өсу мен өзін-өзі жетілдіру қабілетіне ие болады.
Зияткерлік мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметін дамытуды, олардың санасын шынайы, қарапайым біліммен байытуды, ойлау қабілетін дамытуды көздейді.
Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіптік және тұлғалық маңызды негізгі құзыреттіліктерді (арнайы, бейіндік, коммуникативтік, әлеуметтік, зияткерлік, ақпараттық, дербес) және оның басқа түрлерін қалыптастыруды, білім алушыларды кәсіптік қауымдастықтың дәстүрлері мен құндылықтарына бейімдеуді, кәсіптік этика нормаларын ұстануды көздейді.
Коммуникативтік мәдениет қалыптастыру мінез-құлық ұстанымдарын анықтайды, құндылықтар жүйесін, нормаларын көрсетеді және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсету үшін қарым-қатынас жасау, байланыстарды орнату, дамыту, өзара келісу, жолға қою және түзету енгізуге көмектеседі.
Отбасылық тәрбиенің айқындауыш буыны адамгершілік, рухани және гуманистік құндылықтар тәрбиесі басым адамдар арасында эмоциялық және тиімді қарым-қатынастардың әлеуметтік-тарихи тәжірибесін табыстау болып табылады. Балалар мен жастардың әлемдік және ұлттық мәдениеті, дәстүрлері мен барша қазақстандық қоғам қажеттіліктері негізінде құрылған жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануы алдыңғы кезекте тұрады.
Рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық ұстанымдары мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін жағдай туғызуды көздейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық айыптауды көрсететін құндылықтар жүйесі; сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік қатынасты көрсетеді, «адалдық пен сатылмау – жүріс-тұрыс нормасы» берік азаматтық ұстанымды білдіреді.
Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі. Бұл арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет және пайдалы тұлға қалыптастыру болып табылатын тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті.
Тұлғаның әлеуметтік-маңызды және жеке қасиеттерін, ерекшеліктерін қалыптастыру (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде мінез-құлықтың өз стилін, шығармашылығын және дербестігін дамытуды, қоғамда болып жатқан өзгерістерге жылдам және тәнік (адекватты) әрекет етуді, белсенді өмірлік ұстанымы болуын көздейді.
Экологиялық тәрбие адамның бойында табиғатқа деген этикалық көзқарастардың және қарым-қатынас этикасының пайда болуын және қалыптасуын, табиғат ресурстарының жай-күйіне жеке жауапкершілік сезімі мен адамдардың олармен орынды әрекеттесуін тәрбиелеуді көздейді. Экологиялық тәрбиенің негізі, ең алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын сақтауды, елдегі экологиялық жағдай туралы халықтың хабардарлығын қамтамасыз ету болып табылады.
Эстетикалық тәрбие сұлулық, көркем мәдениет, дәуірлер мен халықтардың көркем құндылықтары, ұлттық және жалпыадамзаттық призма арқылы адамгершілік-рухани құндылықтар қалыптастыруды көздейді. Өнер құралдарының көмегімен дамудың қазіргі кезеңінде өзіндік санасы жаңа, анағұрлым жоғары деңгейдегі, тұжырымдамалы ойлауға, әлемді тұтас көре білуге, өзінің шығармашылық қызметінде ол туралы құндылықты түсініктерді іске асыруға, ұжымда өмір сүру білігіне, әлем мәдениетімен және адамдармен қарым-қатынаста өзін көрсете білуге қабілетті адам қалыптастыру маңызды міндет болып

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ
ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде
тәрбие берудің кешенді бағдарламасының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Қазақстан Республикасында балалар мен жастар тәрбиесінің қазіргі
жағдайының талдауы
4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
5. Тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі принциптері
6. Тәрбие мазмұны
7. Білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басым бағыттары
8. Бағдарламаны іске асыру механизмі
9. Кадрлардың біліктілігін арттыру
10. Күтілетін нәтижелер
1.Бағдарламаның паспорты
Мақсаты:
Білім алушыларда патриоттық және азаматтық сананың жоғары деңгейін қалыптастыруға, адамгершілік, толеранттылық, жалпы мәдени, салауатты өмір салты, шығармашылық қабілетін жүзеге асыруға бағытталған ұлттық тәрбие
жүйесін дамыту және жаңғырту
Міндеттері:

1.
Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін дамытуда қазақ халқының ұлттық, отандық және
әлемдік мәдени құндылықтарына негізделген
нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
2.
Білім беру ұйымдары білім алушыларын тәрбиелеуде Қазақстан Республикасы
басымдықтары контексінде, өскелең ұрпаққа тіршілік әрекетінің барлық саласында өзін-өзі тануына мүмкіндік беретін тәрбиенің басты
бағыттары мазмұнын (ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, еңбек, эстетикалық және т.б.) анықтаудың ғылыми-теориялық және әдістемелік
базасын әзірлеу
3.
Отанының тағдыры үшін жауапты, белсенді азаматтық позициясы бар Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын қалыптастыру және
дамыту
4.
Тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігін, құқықтық мәдениетін қалыптастыру
5.
Балалар мен оқушы жастарда адамдарға қатысты адамгершілік тәрбие қалыптастыру, қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын басқа этностар мен этникалық топтар мәдениеті мен дәстүріне құрмет, ұлттық мұраға бейімдеу,
толеранттылық сана, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру білігін қалыптастыру негізінде ұлтаралық қатынастар мәдениетін арттыру
6.
Өскелең ұрпақ тәрбиелеуде ана тілі, мәдениеті, дәстүрі және басқа да құндылықтар арқылы отбасы рөлін күшейту
7.
Оқушы жастар арасында әлеуметтік жетімдік,
бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм, нашақорлықты тарату сияқты басқа да келеңсіз жағдайларды жеңу үшін қажет шарттарды қамтамасыз ету
8.
Тәрбие бағдарламалары мен технологияларын
іске асыруда тәрбие саласында инновациялық іс- әрекетті ынталандыру, жаңа тұрғыларды енгізу механизмдерін әзірлеу
9.
Педагог және тәрбие жұмыстары жетекші қызметкерлердің кәсіби деңгейін жаңа талаптар бойынша арттыру. Тәрбие саласында ғылыми кадрларды даярлау.

Іске асыру механизмі:
• Білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарына сәйкес білім беру ұйымының
тәрбие жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеу
• Тәрбие жұмысының сапасын және нәтижелілігін бағалау критерияларын дайындау
• Тәрбие жүйелері мониторингінің әдіснамалық
және ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу

Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету:
1.«Сабақтың тәрбиелік әлеуеті» мониторингін әзірлеу және өткізу.
2.«Өскелең ұрпақ тәрбиесі: идеалдар, құндылықтар, бағдарлар» республикалық ата-аналар жиналысын өткізу (жыл сайын).
3.Тәрбие проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар өткізу.
4.Озық тәжірибе деректер базасын құру.
5.Білім беру ұйымдарымен ҚР Білім беру жүйесінде кешенді тәрбие бағдарламасын іске асырылу талдауын жыл сайын жүргізу.
Күтілген нәтижелер:
— өскелең ұрпақ тәрбиелеуде білім беру ұйымдарында қазақ халқының ұлттық құндылықтары, қазақстандық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тәрбиенің құқықтық, ғылыми- әдістемелік, ұйымдастыру-кадрлық базасы қамтылған тәрбие жүйесін құру;
— білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының ұлттық басымдықтар контексінде жаңарту;
– білім алушыларда патриоттық сана және азаматтық сәйкестік, Отанға адалдық, конституциялық міндеттерді орындау даярлығының деңгейін арттыру;
— заңды білетін ғана емес, сонымен қатар оларды саналы түрде орындайтын, заңға мойынұсынатын азамат тәрбиелеу;
— білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениеті деңгейін арттыру;
— балалар мен оқушы жастарда толеранттылық, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыру;
— оқу процесінің тәрбиелік компонентін күшейту;
— отбасы тәрбиесінің деңгейі мен сапасын арттыру, отбасы тәрбиесіне халықтық педагогика дәстүрлерін енгізу;
— білім алушылар тәрбиелілігінің оң динамикасы, оқушы жастар арасында девиантты мінез-құлық
және нашақорлықты тарату профилактикасы;
— салауатты өмір салты мәдениетін енгізу, дене дамуын жетілдіру;
— тәрбие бағдарламалары мен технологияларын инновациялық тұрғыдан іске асыруды енгізу;
-тәрбие саласында білім беру ұйымының
ерекшелігін ескере отыра, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың бірыңғай жүйесін құру.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ешенді тәрбие бағдарламасын әзірлеудің өзектілігі өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу қажеттілігі көрсетілген ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауымен келісілген. Бұл, ең алдымен, елің мен оның жетістіктері үшін мақтаныш. Мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап өз Отанына деген махаббат, елі үшін жауапкершілік, халқының құндылықтары мен дәстүрлерін сақтау сезімін қалыптастырудың маңызы зор.
Ел Президентінің қазақстандықтарды күшті де өркендеген ұлт ретінде көргісі келетін тілегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік өзіндік теңестіру проблемасы келешекте оның әлеуметтік бейімделуін арттыру жолдары ретінде көтерілген.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту —
Қазақстан дамуының басты бағыты» халыққа Жолдауында, негізі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту болып табылатын, біздің мемлекетіміздің басты он бағыт бойынша одан ары дамуының басым міндеттері анықталды.
Жолдауда Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі туралы жеке айтылған. Білім беруде өскелең ұрпақты ересек өмірге даярлау процесінде ең алдымен оқытудың тәрбиелік компонентін күшейту қажет. Патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық сияқты құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс.
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін дамыту және жаңғырту қажеттілігін тудыратын көптеген құндылық бағдарларының маңыздылығына ықпал еткен ірі әлеуметтік-саяси өзгерістермен атап өтілді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында жаңа ұлттық пайымдау ұсынылды: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.
Қазақстан әлемдік қауымдастықта экономикалық әлеуеті мықты ел
ретінде танылды. Алда осы әлеуетті барынша тиімді түрде іске қосу және экономиканың жоғары қарқынмен дамуы негізінде қалың бұқара топтарының әл-ауқатын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл – Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.
Білім беруде оқыту мен дамытудың ортақ процесіне кіріктірілген педагогикалық қызметтің органикалық құрамдасы болуы тиіс тәрбиеге басымдық беріледі.Осыған байланысты тұлғаны қалыптастыру проблемасының кешенді әзірлігі, оның әлеуеттік мүмкіндіктерін барынша толық іске асыру мүмкіндігін іздестіру – Қазақстанда педагогика ғылымы дамуының магистралды бағыты болып табылады.
Осының барлығы қоғамның жаңа тәрбиелік әлеуетін қалыптастыру қажеттілігін ескереді. Қазақстанда тәрбие қызметінің нормативтік негізін құрайтын құжаттар әзірленді. Алайда, ұлттық және жалпыхалықтық мәдени құндылықтарда тәрбиеленген тұлғаның әлеуетті бейнесі қалыптаспаған және нормативті бекітілмеген.
Бағдарлама білім жүйесінің маңызды мақсатын шешуге жақындатады:
оның тәрбиелік әлеуетін арттырады. Оның ерекшелігі сол, онда оқыту процесіне жүйелі және бірізді енгізу тиімді болып саналатын қазақ халқының мәдени мұрасын, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды пайдалануға назар аударылған.
Бағдарлама позитивті, жасампаз көзқарасы оның жауапкершілік
сезімінен, Отан, қоғам, өз отбасы игілігіне бағытталған саналы таңдау жасауға және өздігінен шешім қабылдауға қабілетті азамат тәрбиелеуді, сол сияқты берік адамгершілік негізі бар, үнемі жетілу үстіндегі тұлға қалыптастыруды көздейді.
Бағдарламаға Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасын ұзақ мерзімді іске асырудың іс-шаралар Жоспары, сол сияқты маңызды мемлекеттік бағдарламалар:
— «Қазақстан – 2050 Стратегиясы»;
— «Қазақстан – 2030 Стратегиясы»;
— Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;
Тұжырымдамасы мазмұнына кіргізілген іс-шаралар енгізілетін болады
Білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін іске асыру білім беру мекемесінде қолайлы тәрбиелік орта құру, тұтас тәрбие жүйесін реттеу және мектеп түлектерінің өмірде өз тағдырына жауапты болу даярлық деңгейін сапалы түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны іске асырудың соңғы нәтижесі жастардың ұлттық және жалпыхалықтық құндылықтарда тәрбиелік деңгейі өсуінің оң динамикасын, балалар мен жастардың әлеуметтік және еңбек белсенділігінің артуын болжайды.
Бағдарламаны әзірлеу тұрғысының негізіне ҚР Білім және ғылым министрінің №227 Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы алынды.
Кешенді бағдарлама өзінің мақсаттары мен міндеттеріне, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде тәрбие процесінің мазмұны мен ұйымдастыруының жаңаруына сәйкес білім беру ұйымдарының барлық түрлері үшін тәрбие бағдарламаларын әзірлеу мен енгізуіне негіз болуы тиіс.
3. Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастар тәрбиесінің қазіргі жағдайына талдау
Елдегі білім беру жүйесінің соңғы жылдардағы дамуы мемлекеттік саясатта басым бағыттардың бірі болды.
Қоғамдағы оң өзгерістер білім беру ұйымдары қызметінің тәрбие жүйесінде өз көрінісін тауып отыр. Гумандық мұраттар принципі, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар идеялары іске асырылуда. Қазақстандық патриотизм, азаматтылық, руханилық ұғымдарының саяси және адамгершілік мәнін, гуманды-бағдарланған, әлеуметтік-белсенді, үйлесімді-дамыған тұлға қалыптасуын пайымдау процесі басталды. Жалпықазақстандық менталитет, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерді ескере отыра, ұлттың интеллектуалды, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңарту үшін жағдай жасалуда.
Қазақстан Республикасы Конституциясы, бала құқықтары туралы Конвенция ережелері іске асырылуда, халықаралық заңнама ескерілген, оқыту және тәрбие мәселелерін реттейтін: «Білім туралы», «Неке және отбасы туралы» заң шығару құжаттары үнемі жетілдірілуде, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы қабылданды.
«Атамекен», «Балбөбек», «Дәстүр», «Гражданин», «Кәусар бұлақ», «Люби и знай свой край» және тағы басқа адамгершілік идеалдарды тәрбиелеуге, патриот-адам азаматтық көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық мәдениетке, әлемдік құндылықтарға бағдарланған бағдарламалар табысты түрде іске асырылуда.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 2010-2014 жылдарға арналған отандық «Балапан» бағдарламасы әзірленді және қабылданды. Бағдарламаны іске асыруда 2012 жылдың 1 қаңтарындағы дерек қорытындысы бойынша елде 587 мың бала баратын 8096 мектепке дейінгі ұйым (2748 бала бақша, 5348 шағын орталық) жұмыс істеуде.
Коммуникация, таным, денсаулық, шығармашылық және социум сияқты 5 білім беру саласынан тұратын жаңа буын стандарты енгізілді.
Қазақстандағы балалар қозғалысы дамуының оң динамикасы байқалады: 1754 балалардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктеріне 1 миллионнан артық оқушы қамтылған. 1609 патриоттық клубтарда 60 000-нан астам балалар мен жасөспірімдер айналысады.
2011-2012 оқу жылынан бастап елдің барлық мектептерінде республикалық қоғамдық бірлестік – «Жас Ұлан – бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» құрылды және жұмысын бастады.
Әскери-патриоттық, әскери-спорттық клубтар мен орталықтардың жұмысы жанданды. Тәрбие және бос уақыттағы қызмет орталықтары құрылуда, шығармашылықпен ойлауға қабілетті, технологиялық, ақпараттық, экологиялық, эстетикалық, дене мәдениеті бар рухани дүниесі бай, адамгершілікті, бәсекеге қабілетті және белсенді тұлға қалыптастыру бойынша жұмыс жандануда.
Қосымша білім беру – тәрбие мазмұнының маңызды компоненті болып табылады, мектептердегі білім алушылардың жалпы санының 21,6% қамтылған,
Елде болып жатқан маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жаһандану процесі балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеу саласында басқа проблемаларды шиеленістірді. Атап айтсақ: балалар мен оқушы жастарда рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтардың біртұтас жүйесінің болмауы; өскелең ұрпақта өзі туралы қазақстандық қоғамның бір субъектісі деген түсінігінің қалыптаспауы; бірқатар ұлттық және мәдени дәстүрлердің ұмыт болуы; денсаулық мәдениеті және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі. Осыған социум бөлігінің рухани және адамгершілік жұтаңдануын; отбасының тәрбиелік ықпалының төмендеуін; әлеуметтік жетімдік, бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм, оқушы жастар арасында нашақорлықтың кең таралу проблемаларын қосу қажет. Балалар мен жастар зорлық, қылмыс, жезөкшелік, нашақорлық және т.б. насихатталатын жағымсыз ақпараттарды толассыз қабылдауда. Тәрбие жұмысында этникалық фактордың, қазіргі діни ахуалдың және т.б. өсіп келе жатқан рөлі үнемі ескеріле бермейді. Сонымен қатар, тәрбие бағдарламалары мен технологияларын жаңа тұрғыдан іске асыруда енгізу механизмдерінің толық өңделмегендігі, педагогикалық және жетекші кадрлардың жаңа жағдайдағы тәрбие жұмысына жеткілікті даяр еместігі байқалады.
4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
Мақсаты: Білім алушылардың патриоттық және азаматтық сана, адамгершілік, толеранттылық, жалпы мәдени, салауатты өмір салты, шығармашылық қабілетін іске асырудың жоғары деңгейін қалыптастыруға бағдарланғанұлттық тәрбиежүйесін дамыту және жаңғырту
Міндеттері:
1. Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін дамытуға қажет қазақ халқының ұлттық, отандық және әлем мәдениеті құндылықтарына негізделген нормативтік базасын жетілдіру.
2. Білім беру ұйымдары білім алушыларын тәрбиелеуде Қазақстан Республикасы басымдықтары контексінде өскелең ұрпаққа тіршілік әрекетінің барлық сферасында өзін-өзі тануына мүмкіндік беретін тәрбиенің басты бағыттарының мазмұнын (ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, еңбек, эстетикалық және т.б.) анықтаудың ғылыми-теориялық және әдістемелік базасын әзірлеу.
3. Отанының тағдыры үшін жауапты, белсенді азаматтық позициясы бар
Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын қалыптастыру және дамыту.
4. Тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігін, құқықтық мәдение —
тін қалыптастыру.
5. Балалар мен оқушы жастарда адамдарға қатысты адамгершілік тәрбие,
қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын басқа этностар мен этникалық топтар мәдениеті мен дәстүріне құрмет, ұлттық мұраға бейімдеу, толеранттылық сана, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру білігін қалыптастыру негізінде ұлтаралық қатынастар мәдениетін арттыру.
6.Өскелең ұрпақ тәрбиелеуде ана тілі, мәдениеті, дәстүрі және басқа да
құндылықтар арқылы отбасы рөлін күшейту.
7. Оқушы жастар арасында әлеуметтік жетімдік, бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм, нашақорлықты тарату және басқа да келеңсіз құбылыстарды жеңуде қажет шарттарды қамтамасыз ету.
8. Тәрбие бағдарламалары мен технологияларын іске асыруда тәрбие саласында инновациялық іс-әрекетті ынталандыру, жаңа тұрғыларды енгізу механизмдерін әзірлеу.
9. Педагогикалық және тәрбие жұмыстары жетекші қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жаңа талаптарға сәйкес арттыру. Тәрбие саласында ғылыми кадрларды даярлау.
7.Тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі принциптері
Тәрбие принциптері – адам тәрбиесіне негіз болатын идеялар немесе құндылықты тұғырларды, қоғам дамуының деңгейін, оның тұлғаның нақты типін жаңғырту, тәрбие процесінің мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру қажеттілігі мен талаптарды көрсетеді.
Бағдарламаны іске асыру қағидалары мен маңызды ережелері – міндетті түрде сақталуы тиіс принциптер:
Тәрбиенің табиғи сәйкестілік принципі тәрбие табиғи және әлеуметтікмәдени процестердің өзара байланысын ғылыми деңгейде түсінуіне, табиғат және адам дамуының ортақ заңдарымен келісілуіне, онда өзіндік дамуы үшін, өзінің әрекеті мен мінез-құлқының экологиялық салдарлары үшін жауапкершілігін және балаларда жеке басының және жас ерекшеліктерін ескере отыра тәрбиелеу қажеттілігін қалыптастыруына негізделуі тиіс.
Тәрбиенің мәдени-сәйкестілік принципі тәрбиенің жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделе және этникалық мәдениет дәстүрлері, нормалары мен аймақтық ерекшеліктеріне сәйкестікте құрылу, адамды этностың, қоғамның, тұтас әлемнің мәдениетіне қатыстырылу тиістігін болжайды.
Тәрбиенің гуманды-бағыттылық принципі адам тұлғасына гуманды қарым-қатынас жасауды, оның құқықтары мен еркіндігін құрметтеуді, тәрбиеленушінің дене, әлеуметтік және психикалық денсаулығы туралы қамқорлықты болжайды.
Тәрбиенің мақсаттылық принципі тұлға қалыптасуы мен дамуының әрбір сатысында мақсаттың айқындығын, социум қажеттілігін ескеруді, тәрбие жұмысының мазмұны мен түрін тиімді таңдауды талап етеді.
Тәрбиенің қоғамдық бағыттылық принципі тәрбиеленушілердің Конституция және мемлекет заңдарын құрметтеуді тәрбиелеуге бағытталған азаматтық, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды болжайды.
Тәрбиенің өмірмен және еңбекпен байланыс принципі тәрбиеленушілердің адамдардың қоғамдық және еңбек өмірімен кеңінен танысуын және оларды түрлі қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстырылуын көздейді.
Тұлғалық көзқарас принципі тәрбиеленушілердің жас, жеке, тұлғалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруді болжайды.
Тәрбиенің халықшылық принципі тәрбие негізі ретінде халықтың дәстүрлері мен ұлттық-мәдени құндылықтарын, шаруашылық және рухани тәжірибесін анықтайды.
Халықтың мәдени мұра басымдығы принципі – патриотизмге тәрбиелеуді, өз үйіне, туған өлкесіне құрмет қалыптастыруды, тәрбиеленушілерді қазақ халқының дәстүрлеріне, ұлттық-мәдени және педагогикалық құндылықтарына қатыстыруды білдіреді.
Тәрбиенің үздіксіздік принципі тұлғаның бүкіл өмір сүру кезеңдерінде жан-жақты дамуын: оның күші мен қабілеттерін шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерінің, оның кәсіби және жалпымәдени өсуінің үдемелі толысуында барынша толық іске асыруын көздейді.
Әлеуметтік өзара тиімді әрекет ету принципі білім беру жүйесінің түрлі типтегі ұжымдарында білім алушыларға қарым-қатынас аясын кеңейтуге мүмкіндік беретін, әлеуметтікмәдени өзіндік анықтау, тепе-тең қатынастың сындарлы процестері үшін жағдай тудыратын, тұтас алғанда әлеуметтік бейімделуін, өзін жүзеге асыруын қалыптастыратын тәрбиелеуді іске асыруды көздейді.
Демократияландыру принципі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекет, достастық, ынтымақтастық және шығармаластық педагогикасына негізделген жүйені болжайды. Ол сонымен қатар, педагогикалық басшылық, өзін-өзі басқару, бірге басқару және өзін-өзі реттеу жүйелерінің құрылымына кіретін өзара байланыс пен өзара шарттылықты білдіреді. Оқушыларды еркіндік, тұлғалық қасиет рухында және т.б. тәрбиелеу.
6. Тәрбие мазмұны
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты –патриоттық сезімі бар және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуын қамтамасыз етуде өз рөлін түсінетін әлеуметтік жауапты тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Көзделген амал «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» стратегияларымен, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен, басқа да бағдарламалық құжаттармен сәйкестікте іске асырылады.
Қазақстандық патриотизмді, елдің мемлекеттік рәміздеріне құрмет, азаматтылық, толеранттылық, рухани-адамгершілікті, дене тұрғысынан жетілген, әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру мәселелерінің басым сипаттарын анықтай отыра, «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар» әзірленді.
Ел Президентінің бастамасымен қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттық-мәдени құндылықтар негізінде білім беруді жаңа белеске көтеруді көздейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 27 қаңтардағы Жолдауында: «… оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет.
Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық.
Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс.
Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады» — деген болатын.
Жоғарыда аталған басымдықтар бүгінгі күні тәрбие процесін мемлекеттік саясаттың іргелі негізін құрайтын, заманауи қазақстандық қоғам дамуының басты стратегиялық және басым міндеттерінің бірі ретінде көрсетеді. Міне, сол себепті де білім беру ұйымдарында тәрбиені жалпыұлттық басымдық, біртұтас құрылыстың жүйеқұраушы элементі ретінде қарастыратын кешенді бағдарлама әзірлеу қажет.
Қолданыстағы бағдарлама жүйесінің проблемалық аймақтары:
— балалар мен жастарда рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтардың біртұтас жүйесінің болмауы;
— өскелең ұрпақта өзі туралы қазақстандық қоғамның субъектісі ретінде түсінігінің болмауы;
— кейбір ұлттық және мәдени дәстүрлердің жойылуы;
— баланың әлеуметтенуінде, тұтас алғанда отбасы тәрбиесінде отбасы рөлінің төмендеуі;
— мектептерде еңбек тәрбиесін ұйымдастыру, сабақтан тыс еңбек қызметін жаңарту, отбасында еңбек тәрбиесінің жеткіліксіздігі;
— білім алушылардың құқықтық сана, заңға мойынұсынушылық және заңмен қорғалу тәрбиесін терең зерттеу мен практикада іске асыру қажеттілігі;
— тәрбие саласында мамандарды даярлаудың ғылыми-әдістемелік базасының тарылуы, тәрбие жұмысы бойынша барлық педагог кадрлардың курстық даярлық пен қайта даярлаудан өтуінің маңыздылығын бағаламау;
— жасөспірімдердің позитивті оң эмоционалдық-психологиялық аясын қамтамасыз ету, балалардың эмоционалдық көңіл-күй, әлеуметтік патологияны өздігінен реттеудің даярлық жүйесін қалыптастыру қажеттілігі;
— төмен сынамалы өнімдердің, тұтас алғанда масс-мәдениеттің балалар мен жастарға тигізер ықпалының артуы;
— оқушылардың дене тәрбиесі сабағын жеткілікті бағаламауы;
— денсаулық мәдениеті мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша профилактикалық жұмыстарды жетілдірудің қажеттілігі.
Білім беру жүйесінің замауи жағдайларда құрылуы және дамуы оның ұлттық тарих, халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, қазақ халқының мәдениетін сақтау, ұлттық дамудың басты құралы білім екенін тануды, басқа халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтеудің органикалық бірлікте болуы білім берудегі басымдықтар мен үздіксіздікті, білім берудің ұлттық бағыттылығын болжайды.
Білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басым бағыттары
Бағдарламада белгіленген тәрбие мақсаттары мен қойылған міндеттері негізінде келесі басым бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
● Азаматтық-патриоттық тәрбие Отанымыздың тағдыры үшін жауапты, елді бейбіт және әскери жағдайда қорғауға жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын; әр оқушыда өмірге, қоғамның дамуына, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы рөлін түсінуге ықпал ететін белсенді азаматтық позициясын; қазақстандық демократиялық қоғамда азаматтық құқықтар мен міндеттердің тұтас кешенін белсенді, жауапкершілікпен және тиімді іске асыруға жауапты даярлық пен қабілеттіліктің жиынтығын, өз білімі мен білігін практикада саналы қолдануды қалыптастыруы және дамытуы тиіс.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— балалар мен жастар ұйымдарының, мектептік және студенттік өзін-өзі басқарудың әлеуетін әлеуметтік маңызды шығармашылық жобаларға, азаматтық және патриоттық бағыттылыққа, конференцияларға, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға жұмылдыру;
— Гуманитарлық цикл пәндерінің тәрбиелік әлеуетін пайдалану;
— Білім беру ұйымының дәстүрлерін дамыту (рәміздер, жылнама, білім беру ұйымының тарих мұражайы, үздік және белгілі түлектер туралы).
— білім алушыларда гумандық көзқарас, белсенді азаматтық бағыт және елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына өз үлесін қосу талпынысын қалыптастыру.
— Қоғамда, білім беру ұйымдарында экстремизм, ксенофобия белгілеріне, тұлға құқықтары мен қасиеттеріне қатысты төзгісіз атмосфера қалыптастыру.
Құқықтық тәрбие тұлғаныңқұқықтық санасын, саяси белсенділігін, мінез-құлқын қалыптастыруға, заңға мойынұсынатын, заңды білетін ғана емес, сонымен қатар, оларды саналы түрде орындайтын азамат тәрбиелеуге, ішкі еркіндігі мен өзіндік қасиетін тәрбиелеуге бағытталады. Бұлардың барлығы заманауи құқықтық даярлықты, заңдарды, өз құқықтары мен міндеттерін білуді, мемлекеттің құқықтық жүйесінің мүмкіндіктерін қолдану білігін талап етеді.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Адам құқықтары, демократия негіздері салаларына жаңа педагогикалық технологиялар енгізу;
— Құқықтық тәрбие бағдарламаларын енгізу;
— Балалар мен отбасыларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек қызметінің (консультациялық орталықтар) желісін кеңейту;
— Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы, қадағалаусыздығы мен панасыздығының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу;
— Жыл сайын Конституция сабақтарын, құқық сабақтарын, құқықтық білім берудің тақырыптық онкүндіктерін, «Оқушылардың, студенттердің құқықтары және міндеттері» дебат апталықтарын өткізу;
— Білім беру ұйымдарында мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік басқару органдары өкілдері, Қазақстан Республикасы парламенті депутаттары, соғыс және еңбек ардагерлерінің және т.б. қатысуымен кездесулер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, интернет-форумдар ұйымдастыру;
— Білім беру ұйымдарында құқықтық бағыттағы балалар мен жастар бірлестіктерінің: полицияның жас достары отрядтары, жас заңгерлер клубтары, жас жол қозғалысы инспекторлары, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша кеңестер, әкелер кеңестері қызметін дамыту;
— Құқық саласында қоғамдық ұйымдардың тәрбиелік ресурстарын қолдану.
Ақыл-ой тәрбиесі – білім алушылардың көзқарасы, шығармашылыққа, стандартты емес шешім қабылдау қабілеті, қоршаған әлемге, өзіне, өзгелерге эмоционалды құндылықты қатынасының қалыптасуымен, өздігімен білім алу қажеттілігінің дамуымен, тұлғаның интеллектуалды әлеуетін дамытумен, интеллектуалды, көптілді мәдениет, ой-қызметі мәдениеті саласында ойлау қабілетін, оқу-танымдық қызметінің функционалдық сауаттылық, компьютерлік сауаттылықты меңгеру процесінде ақпараттық мәдениетке дағдылануымен анықталады.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Жыл сайын Білім күнін өткізу;
— Талантты жастарды дамыту және қолдау үшін республикалық «Жас талап» байқауын, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін сауатты және еркін меңгеруіне байқаулар, олимпиядалар өткізу;
— Жалпы білім беретін мектептерде ғылыми сессиялар, тақырыптық апталар, семинарлар және іргелі ғылымдар мен ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші ғалымдарының ғылыми-танымдық дәрістерін ұйымдастыру;
— Қазақстанның ғылым қоғамдары жеңімпаздары, оқушылары мен жетекші ғалымдарының қатысуымен жыл сайын Қазақстан Кіші ғылым академиясының республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу.
● Рухани-адамгершілік тәрбие тұлғаның жан-жақты даму жүйесінің жетекші компоненті ретінде адамгершілік сана, адамгершілік идеалдар, адамгершілік және этикалық құндылықтар, нормалар, адамгершілік сезімдер мен қасиеттер: гумандық, ар, парыз, жолдастық, қайырым, ұят, принциптіліктіңқалыптасуын, діни құндылықтарды игеруді, адамгершілікті жауапты қоғам мүшесінің қалыптасуын, оқушыларды ана тіліне, мемлекеттік тіл – қазақ тіліне, ынтымақтастық, ұлттық келісім, басқа ұлттардың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін құрметтеу және сыйлау рухында тәрбиелеуді болжайды,
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы бойынша әдістемелік материалдар кешенін әзірлеу;
— Теледидар мен радиодан таратылатын хабарлар бағдарламаларында және баспа беттерінде ғалымдар, белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер өкілдері, педагогтардың қатысуымен өскелең ұрпақ тәрбиесі туралы проблемалар талқыланатын айдарлар (үнемі жүргізілетін) ұйымдастыру;
— Жалпы орта, кәсіптік-техникалық және орта арнайы білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындарындағы адамгершілік-рухани тәрбие сапасының мониторингін жүргізу;
— Түрлері мен типтері әртүрлі білім беру ұйымдары тәрбие қызметінің сапасы мен нәтижелілігін бағалау критерияларын әзірлеу және енгізу;
— Білім беру ұйымының жыл сайынғы жұрт алдындағы есептері арқылы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша (соның ішінде, адамгершілік-рухани) және оның нәтижелері туралы Интернет желісінде ақпарат базасын құру.
● Ұлттық тәрбие адам тұлғасын өз ұлтының, халқының лайықты өкілі, өз тілін, тарихын, адамгершілік, рухани, отбасылық, еңбек дәстүрлерін тасымалдаушы ретінде қалыптастырады, өзге халықтардың мәдениетін білетін және құрметтейтін, басқа ұлт өкілдерімен диалог жүргізуге және өзара әрекет етуге даяр адамды, өскелең ұрпақты туған жеріне сүйіспеншілік рухында, үлкендерді сыйлауға, табиғатқа құнттылықпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— мектепке дейінгі мекемелер мен білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесіне этнопедагогика идеяларын енгізу мәселелері бойынша әдістемелік кешен жүйесін әзірлеу;
— ЖОО, лицейлер, колледждер, мектептер және біліктілікті арттыру институттары жанындағы ғылыми-зерттеу зертханалары, орталықтар, этнопедагогика кабинеттері жұмыстарын жетілдіру;
— Тірек мектептерінде халықтық педагогика идеяларын жаңарту бойынша эксперименттік алаңдар ашу;
— Студент жастармен жүргізілетін тәрбие жұмысында этномәдениет орталықтарының іс-тәжірибесін қолдану;
— Абай, Шәкәрім және басқа да көрнекті ағартушылардың, сол сияқты Қазақстанның қазіргі таңдағы жазушылары еңбектерін зерттеу мақсатында оқырмандар конференциясы жұмысын жаңғырту;
— Этнопедагогика идеяларының іске асырылу тәжірибесі нәтижесін анықтау үшін республикадағы білім беру ұйымдарының тәрбие бағдарламалары мен тәрбие жүйесінің байқауын өткізу;
— Этнопедагогикалық тәрбиеде сабақтастық жолдарын әзірлеу;
— «Студенттердің этномәдени сәйкестілігін қалыптастыру бойынша аудиториядан тыс жұмысты ұйымдастыру» ақпараттық әдістемелік кешенін әзірлеу;
— «ҚР білім беру ұйымдарында ұлттық тәрбие әдістемесі» әдістемелік нұсқаулар әзірлеу;
— Оқу-тәрбие процесіне этнопедагогиканы енгізуді көздейтін бағдарламалардың түрлі нұсқаларын («Кәусар бұлақ», «Атамекен», «Мың бала», «Жұлдыз» және т.б.) қолдану.
● Отбасы тәрбиесі оқушылардың отбасындағы адамгершілік негіздерді игеруіне, отбасы қатынастары мәдениетін, ұлттық отбасы дәстүрлерін, толық отбасын құру үшін денсаулықтың бірегейлігі түсінігін қалыптастыруына, балаларына тәрбие ықпалдылығын қамтамасыз ету үшін ата-аналармен ынтымақтастық қатынас құруға, ата-аналардың өз міндетін табысты атқаруына ықпал ететін функционалдық сауаттылығын қалыптастыруына бағытталған.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Отбасы тәрбиесінің тұжырымдамасын әзірлеу;
— Педагогтар мен ата-аналар жұртшылығы серіктестігінің нәтижелерінің критерияларын әзірлеу және бағалау;
— Мектептік қорғаншылық кеңестері қызметінің саны мен жүйесін ұлғайту;
— Ата-аналар ассоциациялары, кеңестері, комитеттері, қорларының ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудегі үйлестіру қызметін қамтамасыз ету үшін Республикалық қоғамдық ата-аналар Кеңесінің жұмысын жандандыру;
— Ұлттық тәрбие саласында балалар мен оқушы жастар, қосымша білім беру ұйымдары және сауықтыру демалыс лагерлері балаларының қоғамдық ұйымдары жұмыстарын үйлестіру бойынша «Жаншуақ» республикалық қоғамдық Кеңесін құру;
— «Ақ босаға» республикалық жас отбасылар байқауын өткізу;
— «Оқушылардың ата-аналарына білім берудегі көмек» әдістемелік құралын әзірлеу.
● Экономикалық тәрбие оқушыларда ақпараттық қоғам, инновациялық экономика талаптарына жауап беретін экономикалық сана қалыптастыруды, тұлға бойындағы қасиеттерді тәрбиелеу мен дамытуды, қаржы-құқықтық мәселелер, компьютерлік сауаттылық саласында экономикалық ой және мәдениет, функционалдық сауаттылық қалыптастыруды болжайды.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы негізгі ережелерді түсіндіру бойынша әдістемелік құрал әзірлеу;
— Табысты бизнесмен және кәсіпкерлердің қатысуымен «Кәсіпкер», «Бизнесмен», «Биржа» ұйымдастыру-іскерлік ойындарын өткізу;
— Инновациялық заманауи кәсіптердің жылдағы жәрмеңкесін өткізу;
— Білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауында мүдделері мен қажеттілігін дамыту және табысты әлеуметтенуі үшін заманауи салалық кәсіпорындарға саяхаттар ұйымдастыру бойынша әдістемелік құрал әзірлеу.
●Еңбек және кәсіби тәрбие еңбекке позитивті оң қатынас және мотивация қалыптастырады, еңбекке жоғары құндылық ретінде дұрыс қатынас орнатуды тәрбиелейді, білім алушыларды қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын басқа этностар мен этникалық топтардың рухани және мәдени жетістіктеріне бейімдейді, балалар және оқушы жастарды еңбек және еңбекке деген жауапкершілік қатынасты қалыптастырумен байланысты этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды меңгеру негізінде тәрбиелеуді, технология пәндерінің тәрбиелік әлеуетін іске асыруды, шығармашылық еңбекке деген қажеттілікті дамытуды, еңбек мәдениетін тәрбиелеуді жүзеге асырады
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Елбасы Н.Назарбаевтың 2012 жылдың 10 шілдесіндегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласы бойынша әдістемелік материалдар кешенін әзірлеу;
— Колледж, кәсіптік лицейлер оқушыларының еңбекке және болашақ мамандықа қатысты этикалық аспектісі қалыптасу деңгейінің диагностикалау әдістемесін әзірлеу;
— Кәсіптік бағдар беруде білімді арттыру мәселелері бойынша балалар мен оқушы жастардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде республиканың түрлі бағыттағы кәсіптік лагерлерінде кәсіптік ауысымдар өткізу, сауықтыру және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру;
– Еңбек тәрбиесінің педагогикалық технологияларын қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу;
— Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы кәмелетке толмағандарды каникул күндерінде жұмыспен қамтуды ұйымдастыруын жетілдіру;
— Білім беру ұйымдарында оқушылар мен студенттердің қоғамдық-пайдалы еңбегі және жазғы еңбек практикаларын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу;
— Кәсіпорын, ұйым жетекшілерінің шақыртуымен ЖОО түлектерімен кездесулер және бос орындар жәрмеңкелері арқылы студенттердің жұмысқа орналасуына ықпал жасау, студенттердің «Жасыл ел» еңбек отрядтары мен құрылыс отрядтарындағы жұмысқа қатысуын қамтамасыз ету.
● Эстетикалық тәрбие білім беру ұйымдарының білім алушыларында эстетикалық сана (эстетика, әлемдік және отандық мәдениет негіздерін білу, ұлттық-көркем шығармашылыққа қатысу), эстетикалық талғам және сезім, көркем-эстетикалық қажеттіліктер, қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын басқа этностар мен этникалық топтардың құндылықтарына көркем-эстетикалық қабілет тәрбиесін қалыптастыруды болжайды
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Өз халқының тарихи-мәдени тамырын түсіну үшін халықтық мәдениет, ежелгі технологиялар мен әдет-ғұрып дәстүрлерін жаңарту;
— шығармашылық көрмелер, жеке концерттер, тұсау кесерлер, көрсетілімдер, жеке орындауларды және т.б. ұйымдастыру арқылы қызығушылықтары бойынша бірлестіктерде шұғылданатын оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен жеке жетістіктерін паш ету практикасын кеңейту;
— Эстетикалық тәрбиенің инновациялық технологиялары жұмысын практикаға енгізу бойынша мұғалімдерге көмекші құрал әзірлеу;
— Білім беру ұйымдарында мерекелер, дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды ресімдеу және өткізудегі эстетикалық талаптарға қойылатын ұсыныстар әзірлеу;
— Қазақстанның тарихи орындарына кіріктірілген білім беру экспедицияларын ұйымдастыру.
● Экологиялық тәрбие ғаламдық экологиялық дүниетану мен табиғатты қорғаудың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды, экомәдени құндылықтарды игеруді, табиғат ресурстарының жағдайы мен адамдардың олармен саналы өзара әрекет етудегі жеке бас жауапкершілігін тәрбиелеуді, табиғатпен араласуды, балалар мен оқушы жастардың экологиялық мәдениетін, табиғатқа теңдессіз құндылық ретінде және туған ел табиғатына кіші Отанға деген қатынасты тәрбиелеуді болжайды.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдармен кіріктірілген өзара әрекет негізінде білім беру жүйесінің оқу ұйымдарында білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында экологиялық бағыттағы жастар орталықтарын, қозғалыстарын және отрядтарын құру;
— Экологиялық бағдарлы мектептік экологиялық топтар мен отрядтар құру тәжірибесін зерттеу және табиғат қорғау қызметін қорытындылау;
— Мектеп жасына дейінгі балалардан бастап жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында экологиялық тәрбие әдістемесін экономикалық тәрбиемен органикалық байланыста құру;
— Қоршаған табиғи ортаны зерттеуде ғалымдар және өндірістің түрлі салалары мамандарымен бірге экологиялық проблемаларды шешу жолдарын әзірлеу мен білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде практикалық зерттеу материалдарын пайдалану бойынша жүйелі ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру;
— Балалардың газет, журналдары беттерінде оқушылар үшін экологиялық байқаулар өткізу.
● Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жастарда өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген, дұрыс дене дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыруға, қозғалыс білік-дағдыларын физикалық жетілдіруіне ықпал етеді, қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз етеді, тиімді кәсіби қызмет үшін функционалдық, әлеуметтік бейімделу және психикалық орнықтылықты қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын іске асырады, салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салауатты өмір салтын дамытуды қалыптастырады.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Жастар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын, рухани және шығармашылық мүдделер басымдықтарын белсенді таратуға көмектесетін балалар мен жастардың ынталы бірлестіктерін, қоғамдық жастар ұйымдарын құру;
— Жастар арасында алкоголизм, нашақорлық, токсикоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу;
— Балалар мен жастарды әлеуметтік-психологиялық сауықтыру бағдарламаларын жасау;
— Балалар мен жастардың, ата-аналардың бос уақытын ұйымдастыру үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша салауатты өмір салты жексенбілік орталықтарын құру;
— Сауықтыру лагерлері мен балаларды еңбекпен уақытша қамтуда тәрбие жұмысын зерттеу бойынша мониторинг және бағалау жүргізу;
— Жастар арасында спорт түрлерін дәріптеу үшін спорттық-техникалық клубтар желісін ұлғайту.
● ҚР білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының алдын алу білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің құқықтық мәдениет және мінез-құлық нормаларына саналы қатынасын тәрбиелеуді; девиантты мінез-құлықты әрбір оқушының тұлғалық әлеуетін өзіндік іске асыруын; жағымсыз мінез-құлық реакциясын туындататын келеңсіз факторларды жоюды, тұлғаның осы факторлар әсеріне тұрақтылығын дамытуды; рухани-адамгершілік құндылықтарға қатыстыру, спортпен шұғылдану негізіндегі салауатты өмір салтын болжайды.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— ҚР білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының себептері мен мотивін зерттеу бойынша мониторинг өткізу;
— Девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша мекеме мамандарымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мамандардың психологиялық-педагогикалық даярлығын арттыру бойынша шараларды іске асырудан, педагогтар мен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер арасындағы өзара әрекетті жақсартудан тұрады;
— Девиантты мінез-құлықты жасөспірімнің тұлғалық өсуін қамтамасыз ету (республикалық слеттер өткізу, жобаны қорғау, байқаулар және т.б.);
— Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік маңызды жеке қасиеттерін дамыту, еркіндік, өзін ұстай білушілік, бос уақытын ұйымдастыру дағдысын (мәдени бос уақытын, саяхаттар, тарихи орындарда болу және т.б. ұйымдастыру) дамыту;
— Әлеуметтік ұйымдардың әртүрлі – жалпымемлекеттік, адамгершілік, қоғамдық, экономикалық, дәрігерлік-санитарлық, педагогикалық, психоло —
логиялық деңгейлерінде әр жастағы топтардың мінез-құлқындағы ауытқушылықты жоюға бағытталған, жалпы және арнайы іс-шаралар өткізу;
— Психолог, нарколог, валеолог, әлеуметтанушы, заңгер және т.б. қатысуымен ата-аналар конференцияларын ұйымдастыру;
— Кәмелетке толмағандар арасында түрлі қызмет түрлеріне жұмылдыру үшін қызығушылықтар бойынша клубтар желілерін кеңейту;
— Жастар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын, рухани және шығармашылық мүдделер басымдықтарын таратуға белсенді ықпал ететін жасөспірімдер қоғамдастығын, балалардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерін құру («Жас ұлан», «Жұлдыз», «Жас толқын», «Болашақ» және т.б.);
— Жастар арасында алкоголизм, нашақорлық, токсикоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу (семинарлар, конференциялар, кездесулер, әңгімелер және т.б.).
8. Бағдарламаны іске асыру механизмі
Бағдарламаны іске асыру механизмі білім беру процесіне қатысушылардың ата-аналармен, қоғамдық институттармен өзара серіктестік арқасындағы іс-әрекетке негізделеді.
Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары бағдарламаның бас орындаушылары болып болып табылады.
Бағдарламаны іске асыруды басқарудың ұйымдастыру-құқықтық аспектілері.
ҚР Білім министрлігі Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды жүзеге асырады және төмендегі негізгі қызметтерді атқарады:
· Бағдарламадағы келесі қаржы жылына арналған іс-шаралардың жылдық жоспарын әзірлеу және қызметті үйлестіру;
·қоғамдық институттар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және түрлі ұйымдастыру-құқықтық формадағы ұйымдармен үйлестірілген өзара іс-әрекет етудегі іс-шаралар кешенін атқару;
· Бағдарлама іс-шараларын іске асыру нәтижелерінің мониторингі, Бағдарлама іс-шараларын іске асыру туралы статистикалық және аналитикалық ақпараттарды жинау және жүйелеу;
·Бағдарлама іс-шаралары тиімділігі мен нәтижелілігінің көрсеткіштерін және олардың Бағдарлама индикаторлары мен көрсеткіштеріне сәйкестігін тәуелсіз бағалауды ұйымдастыру;
·Бағдарламаны іске асыруды басқару және Бағдарлама іс-шараларының іске асырылуын бақылау мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу мен қолданылуын қамтамасыз ету;
·жұртшылықты Бағдарламаны іске асырудың барысы және нәтижесі туралы хабардар ету бойынша, сонымен қатар Бағдарлама бойынша Интернет желісінде мамандандырылған сайтты контентті қамтамасыз ету негізінде қызметті жүзеге асыру.
10. Күтілетін нәтижелер
— білім беру ұйымдарында білім алушылармен ұлттық және жалпыадамдық құндылықтарға негізделген, тәрбиенің ғылыми-педагогикалық, ұйымдастыру-кадрлық, қаржылық-құқықтық базасы қамтылған тәрбие жұмысы жүйесін құру;
— білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақты тәрбиелеудің басты бағыттарының мазмұнын Қазақстан Республикасы ұлттық басымдықтар контексінде жаңарту;
— оқу процесінің тәрбиелік компонентін күшейту;
— балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеу мәселелерінде педагог кадрлар мен ата-аналардың функционалдық сауаттылығын арттыру;
— білім алушылардың тәрбиелілік динамикасын жақсарту, балалардың бақылаусыздығы мен жасөспірімдердің бейәлеуметтік мінез-құлқын алдын ала ескеру;
— тәрбие бағдарламалары мен технологияларын іске асыруда инновациялық тұрғыларды енгізу.
Кешенді бағдарламаны білім беру ұйымдарының барлық меншік түрлері мен формаларында іске асыру нәтижесінде балалар мен оқушы жастарда казақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана, толеранттылық, жалпы және құқықтық мәдениет, салауатты өмір салтын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін іске асыру, кәсіби өзіндік анықтау, балалар демалысын қамтамасыз ету бойынша тәрбие жүйесінің тиімділігі артады.

Тәрбие жұмысында жаңа инновациялық технологияларды қолдану

Ғұлама бабаларымыз айтқандай біз өткенге құрметпен бас иіп, жарқын болашаққа ұмтылуымыз қажет. Бүгінгінің ұрпағы біздің болашағымыз екенін ұмытпағанымыз жөн. Ұстаз ретінде өзімізге келесідей сауалдарды қою қажет: Ақпараттандыру ғасырында болашақтың адамына қалай білім беремін? Бүгінгі оқушының келешекте бәсекеге қабілетті бола алатындай мектепте алған білімін қолдана алуы үшін нені үйрету керек? Оқушылардың үлгерімі мен білімділік сапасын қалай көтеру қажет?. Осы туындаған сұрақтарымды шешу үшін жұмысымызыдың жүйесі де қалыптасу қажет. Әр ұстаздың методикалық әдіс-тәсілі сол жұмыс істеп жүрген оқу орынының жұмыс істеу жүйесіне қарай қалыптасады.
Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогоикалық технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде.
Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, оқушылармен өткізілетін сабақтар жүйесі жасалынуы қажет.
Қазір педагогикалық ғылымда жаңа ұғымдар көп. Солардың бірі – инновация ұғымы. Оны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдер, оқу үрдісіне енгізу – оқушының саналы да сапалы білім алуының бірден – бір шарты. Ал инновация дегеніміз – жаңа жағдайдағы жаңалық болып табылатын, нақты мақсаттың нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыз ететін идеялар.
Жаңа технологияларды сабақ барысында ғана емес, тәрбие беру мақсатында ада қолдану қажет. Мен өз тәрбие сағаттарымда көбінесе сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін қолдануға тырысамын.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – тақырыпты жүйелі меңгеруіне, өз бетімен ізденуіне көп көмегін тигізеді. Осы орайда сіздерге сын тұрғысынан ойлау технологиясының түрлі стратегияларын ұсынуға болады.
Сын тұрғысынан ойлау- бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі. Ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, ой елегінен өткізу арқылы қолдану.
Сын тұрғысынан ойлау – бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы. .
Сын тұрғысынан ойлау- шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы анықтағандай 6 компоненттен тұрады.
Сыни ойлаушы:
Өз ойын қалыптастыра біледі;
Әртүрлі ойлармен санасып, өз ойын дәлелдеуге тырысады;
Тақырып бойынша мәселені шеше біледі;
Дәлелді пікірталас құра алады;
Бірлескен жұмыстан түбегейлі шешім шығаруды толықтай құптайды;
Кез келген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген факторлардың әсерінен болатынына түсінеді және бағалай біледі.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі белгілері:
Осы технологияның мақсаты-оқушылардың ойлау дағдыларын, оқуда ғана емес тұрмыстық өмірде де(толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту;
Сын тұрғысынан ойлау технолгиясының негізі- сабақтың үшбағыттық құрылымында:
Ой шақыру;
Ойлау ;
Кері байланыс;
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың түрі мен құралдары:
Тақырып бойынша жинақ;
Мәтіндер талдауы;
Түрлі көзқарастағы тапсырмалар құрастыру;
Ұжымдық пікірталас;
Топпен және жұппен жұмыстардың әртүрі;
Дебаттар;
Пікірталастар;
Оқушылардың жазба жұмыстарын жариялау;
Сын тұрғысынан ойлаудың жазба жұмыстары (оқушылардың жазған «Эссе», «5 жолды өлең» жинап отыру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы мұғалім ролі:
Оқушыларды анықталған бағытқа бағыттау;
Түрлі пікірлермен бетпе-бет келеді;
Өз бетімен дұрыс шешім шығаруға жағдай жасайды;
Оқушыларға өзбеттерімен шешім шығаруға мүмкіндік береді;
Қалыптасқан танымдық ішкі жағдаяттарды дайындайды;

Кез келген мемлекеттің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ екені белгілі қағида. Алаштың ардақты ұлы А. Байтұрсынов « Бала білімді, тәрбиені өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі –балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру»-деп жазды. Осы пікірлердегі ортақ идея –ұстаздың ізгіленуі және үндестігі. Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі.Себебі: Оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше білімді тәжірибеде, өмірде пайдалануға дағдыланбаған.Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту үшін сабақта әр түрлі, жан-жақты болуы керек.
Мұғалім әр сабақта сабақ өтетін сыныптың ерекшеліктеріне байланысты оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін таңдай білуі қажет. Сабақта қолданылған оқыту әдістемесі оқушылардың логикалық ойлау, өз бетімен жұмыс істеу ,өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамытуға, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға негізделген болуы керек. Сонда ғана, мұғалім алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін орындай алады. Сабақта жаңа технологияны пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын, танымдық белсенділігін арттырады. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.

Кез келген жағдаяттан шығу үшін өзіне сыни көзқараспен сұрақтар қоя біліп, ойдан ой тудырып өз өміріне қажетті білім алып жатса, ұстаз жетістігі осы. Оқушылардың пәнге деген қызғушылығын, өмірге деген құлшынысын оятып жатса, ұстаз алдына қойған мақсатқа жеткен болып саналады. Уақыт ағымы бойынша күннен күнге қарыштап дамып жатқан заман желісіне ере отырып, өз білімін күнделікті өмірде қолданып, өз ойын еркін айта білетін ұрпақты өсіріп жеткізсек басты міндеттің орындалғаны осы болмай ма. Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауында «ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры болады», деп айтуында үлкен мән-мағына жатыр. Білім мен ғылымға жетудің бірден бір жолы-базалық білім мазмұнын жүзеге асыру.
Шәкірт биігі – ұстаз мерейі демекші, шәкірттерімнің пәніме деген қызығушылығы артып келеді. Ұлы мүмкіндіктердің барлығы да балалардың бойында. Иә, бұл рас та шығар. Өйткені шәкірттеріме берген білім, үйреткен өнер өмірде де жүзеге асып жүргенін көріп жүрмін. Ізімді басып, осы саланы таңдаған ұстаз болам деп үміт отын арқалаған шәкірттерім де баршылық. Бұл әрине еңбектің ақталғаны деп сезініп, бұдан әрі де бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу басты парызым деп білемін.