«Арайлы алтын күз» мерекесі      «Қыздарға әсемдік жарасады»      «Мектепке жол» акциясы      Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы      «Қызға қырық үйден тыйым»      «Қыз бала тәрбиесінің ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел      «Мен қандаймын?» сурет сайысы      «Оқыту мен оқу үдерісін жақсартудағы Lesson Study тәсілінің тиімділігі» тақырыбында коучинг сабақ өтті      Қарттарға қамқор болайық!      «Баскетбол» апталығы     
[espro-slider id=3274]
WhatsAppImage2017-10-17at11.41.32.jpg
Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений


Психологиялық қызмет

Психологиялық қызметтің басты мақсаты — даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар).
2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.
Психологтың құқықтары:
1. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұмыстың формасы мен әдісін және белгілі бір кезеңде маңызды деген бағыттарды таңдай алады.
2. Әкімшілікке психологиялық қызметтің іс-әрекетінің нәтижелі, әрі өнімді іс-әрекетіне мүмкіндік беретін ұсыныстарды айта алады.
3. Оқыту — тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға байланысты мектеп құжаттарын қарастыра алады.
4. Оқыту-тәрбиелеу процесіне байланысты кеңестерге, жиналыстарға белсенді қатыса алады.
5. Мектепте психологиялық зерттеуді және әдістерді жүргізеді, түзетеді.
6. Психолог өзінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әртүрлі конференцияларға, семинарларға қатыса алады; психологиялық орталықтармен ассоциациялармен, практик-психологтармен, сонымен қатар оқу орындарындағы психология кафедраларымен іскер байланыс жасай алады.
7. Арнайы дайындығы жоқ адамдарға, психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуіне тыйым сала алады.
8. Әкімшіліктің тапсырысы этикалық принциптерге, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда, орындаудан бас тарта алады.
Психологтың міндеттері:
1. Жұмыс барысында ҚР БжҒМ бекіткен нормативтік актілерге, құжаттарға, бұйрықтарға негізделуі керек.
2. Психология ғылымының кейінгі жетістіктерімен таныс болып, өз іс-әрекетінде тек ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек.
3. Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында негізге алуы керек.
4. Мектептегі құжаттарға психологиялық талдау жасауы керек (тәрбиелеу жоспарлары, оқыту бағдарламалары, педагогикалық кеңестің шешімдері және т.б.).
5. Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық қатынастарға өз бақылауында ұстап, талдап, қажетті кезде түзету керек (мұғалім-әкімшілік, мұғалім-мұғалім, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы).
6. Психологиялық құжаттарды ерікті формада жүйелі түрде жүргізіп сақтауы керек (диск, магнитофондық жазбалар және т.б.).
7. Диагностикалық жұмыстың негізінде алынған мәліметтерді ешкімге жарияламауы керек.
Мектеп психологының жауапкершілігі:
1. Психолог психологиялық диагноздың дұрыс қойылуына, қолданылатын диагностикалық және коррекциялық әдістердің нақтылығына және берілетін ұсыныстардың ғылыми негізділігіне жауапты.
2. Психолог жүргізілген психологиялық зерттеу және тексеру жұмыстарының хаттамаларының сақталуына және құжаттарды жүргізуге жауапты.
Психологтың этикалық кодексі:
1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.
2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.
3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.
4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.
5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.
6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.
7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.
8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.
9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.
10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!
11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!
Психологтың жұмыс бағыттары:
1. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
— балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);
— бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;
— оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;
— оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;
— арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;
— интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
— оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;
— педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.
Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:
— дарынды оқушылар;
— озат оқушылар;
— үлгермеуші оқушылар;
— «қиын» оқушы мәселесі.
Психолог сабақтарға қатысады:
— оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;
— оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;
— мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында.
Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:
— мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;
— педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;
— ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;
— оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
— мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;
Психопрофилактикалық жұмыс түрлері: психологиялық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру, педагогикалық-психологиялық консилиум.
2. Психодиагностикалық жұмыстар — ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдіс темелерін қолдана отыра анықтайды.
Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психологы мынадай мақсатта жүргізе алады:
— оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме? Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;
— балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді;
— оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.
3. Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары. Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:
— жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасауы керек;
— психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының себептерін анықтайды;
— әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық (түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды;
— шұғыл шара алатындай отбасы жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.
Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, пән мұғалімдері мен сынып жетекшісімен бірлесіп жүргізілуі керек. Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар беріледі.

Қазақстан негізгі орта білім беретін мектептегі педагог-психологтын
жылдық жұмыс жоспары
2017-2018 оқу жылы.

Психологиялык кызмет мәселесі: «Жеке тұлғаның педагогикалык-психологиялык мәдениетінің калыптасуына ыкпал жасау»

Максаты: Оку және тәрбие үрдісіндегі үйлесімді карым-катынастың болуына ыкпал ету.

Міндеттер:
1 Окушылардың жеке дамуын бакылау, оның еркін дамуына психологиялык қолдау көрсету.
2. Оқушылардың ынтасын, қабілетін көрсету.
3.Сыныпта қолайлы , жайлы моральдык –психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып қажетті тәрбиелік ықпал жасау.


Іс-әрекеттің түрлері
Мақсатты топ
Мерзімі
І. Психодиагностикалық бағыт бойынша жұмыс.
1
— Социометрия /топ лидерін анықтау /Дж.Морено
Балалардың мектептегі оқуға дайындығын кешенді зерттеу.
-Оқу мотивациясы/сурет әдістемесі/
-Мектепке жетілуі/Керн-Иарасек/
-Графикалық диктант /Д.Б.Эльконын
1-9 сынып

Мектепалды
топтары

1 сынып
Қыркүйек
І апта

Қазан

2
Орта буынға бейімделуі:
— Оқу мотивациясы;
— Пәнге қызығушылығы /Лутошкин әдістемесі/
— Мазасыздану /Филлипс тесі/
— Темпераментін анықтау
5 сынып

2-9 сынып

Қараша
ІІ апта
Желтоқсан
І апта
3
Сабақтарға, тәрбие сағаттарына қатысу.
1-9 сынып

4
Кешенді әдістеме:
— Кәсіптік бағыт-бағдар жұмысы
— Интеллектуалдық, қабілеттерін зерттеу
— Жеке тұлғанының өзін-өзі бағалауы;
— Өз-өзіне қол жұмсауға бейімділігін анықтау/СБА тұлғалық сұрақнама/
— Әлімжеттілікті анықтауға арналған сауалнама
— Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс /кеңес беру/
— Дарынды балалармен жұмыс /кеңес,әдістемелер/
9 сыныптар
Арнайы жұмыс дәптері бойынша
5-9 сынып
7-9 сынып
4-9 сынып

1-9 сынып
Қаңтар
ІІІ апта
Ақпан
ІІ апта

Қаңтар
І апта
Ақпан
ІІІ апта

ІІ. Коррекциялық-дамыту бағыты бойынша жұмыс
1
Ерекше назардағы балалармен жұмыс
1-9 сынып

2
Қиын отбасы балалармен жұмыс бақылау,қолдау, сынып жетекшілерімен бірлесіп отбасы жағдайын білу.
1-9 сынып

3
Жеке мәселелер бойынша өз қалауымен келген оқушылармен жұмыс
1-9 сынып

4
Ата-аналардың, сынып жетекшілердің сұранысы бойынша жеке оқушымен және сыныппен жұмыс ұйымдастыру.
1-9 сынып

5
Ата-аналар жиналысына қатысу./Сұраныс бойынша тақырыптық баяндамалар оқу/.
1-9 сынып
Тоқсан сайын
6
Жас мамандарға әдістемелік көмек /сұраныс бойынша

ІІІ. Әдістемелік-талдау бағыты
1
Жылдық жоспар құру./Аудан психологтарымен бірлесіп жұмыс істеу/

Қырқүйек
І апта
2
Нормативтік құжаттарды қайта қарастыру және жинақтау.

Қырқүйек
ІІ апта
3
Тренингтер,байқаулар,әдістемелер,психология сабақтар, жауап парақтарын /әр сыныпқа/ дайындап іріктеу.
1-9 сынып

4
Педагогтарға арналған семинар-практикумдар әзірлеу

Қаңтар
ІІ апта
5
Ата-аналарға арналған семинар-практикумдар әзірлеу

Қараша айы
ІV апта
6
Облыстық біліктілікті жетілдіру институты курыстарына және семинарларға қатысу

7
Психологтарға арналған интернет олимпиадаларға қатысу.

8
Педкеңестерге, директор жанындағы кеңес отырысына баяндамалар дайындау

9
Дамыту мониторингі картасын толтыру /салыстырмалы/

Қаңтар
ІІ апта
10
Оқу жылының әр тоқсанына және жылдық есеп жасау.

Тоқсан сайын
11
Мінез-құлық ерекшелігіне және үлгермеуші оқушы және қабілетті/дарынды оқушыларға арналғанжадынамалар дайындап арнайы кеңес тақтаға ілу.

Ай сайын
12
Психолог бұрышына көрнекі-әдістемелік материалдар дайындап ілу. Мектеп сайытына қажетті әдістемелер дайындау.

Ай сайын
ІV. Профилактикалық бағыт бойынша жұмыс
1
Суицидтің алдын алу бойынша тренинг сабақтар ұйымдастыру.

Қараша
ІІІ апта
2
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әңгіме жүргізу. /ДТІЖО, мектеп инспекторымен бірлескен жұмыс.

Желтоқсан
ІІ апта
3
Қатерлі топтағы оқушыларға бақылау жасау.
Ерекше назардағы балалар

4
Мектепішілік және сыныпішілік жиналыстарда ата-аналарға арналған тақырыптық баяндамалар дайындау.

5
Ата-аналарға жеке кеңес ұйымдастыру.

Ай сайын
6
Оқушылардың отбасы жағдайын білу мақсатындағы комиссиямен бірлескен рейдіне қатысу

Тоқсан сайын
7
Педагогтарға арналған тренинг, психологиялық тест, әдістемелер ұйымдастыру.

V. Кеңес беру жұмысы
1
Оқушылармен жұмыс.

2
Ата-аналарға кеңес.

3
Педагог мамандарға әдістемелік көмек.

Мектеп педагог-психологы Ж.М.Бекмуханбетова