[espro-slider id=3274]
WhatsAppImage2017-10-17at11.41.32.jpg
Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений


Кəсіподақ ұйымы

Кошербаева Мейрамгуль Толегеновна

Қазақстан негізгі орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кәсіподақ ұйымының төрайымы.

2017-2018 оқу жылы Қазақстан негізгі орта білім беретін мектебінің кәсіподақ ұйымының жылдық жұмыс жоспары.

2017-2018 оқу жылы Еңбек қорғау және қауіпсіздігінің техникалық инспекторының жылдық жоспары.

Қазақстан негізгі орта білім беретін мектеп ұжымының тізімі.

Бекітемін________

Мектеп директоры

Р.К.Байкежанова

Қазақстан негізгі орта білім беретін мектеп ұжымының тізімі.

2017 – 2018 оқу жылы.

Р/с Аты – жөні Туған күні, айы, жылы Жасы Лауазымы Ескерту
1 Байкежанова Рымгуль Кенжебековна 21.02.1961 57 Мектеп директоры,

химия – биология пәндерінің мұғалімі

2 Бейсенбина Алмагуль Толеуовна 29.04.1988 29 Оқу ісінің меңгерушісі, технология пәнінің мұғалімі
3 Темиргалиева Сания Тулеуовна 15.11.1990 27 Тәрбие ісінің меңгерушісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
4 Кунанбаева Кульзаим Муратбаевна 26.06.1967 50 Тарих – география пәндерінің мұғалімі
5 Нурбекова Майра Журсуновна 21.05.1966 51 Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
6 Сапарова Назымгуль Социаловна 18.01.1975 43 Биология пәнінің мұғалімі
7 Бекмуханбетова Жанар Мукановна 20.08.1974 43 М.а.д.тобының тәрбиешісі, психолог
8 Бейсенбина Анар Ерболатовна 08.04.1987 30 Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
9 Бектурова Мейрамгүл Нұрымжанқызы 01.05.1980 37 Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
10 Сапарова Ботагоз Маратовна 01.06.1985 32 Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
11 Баденова Зауре Акишовна 23.01.1969 49 Бастауыш сынып мұғалімі
12 Касенова Жанна Нуртаевна 09.05.1970 47 Бастауыш сынып мұғалімі
13 Мухамбетова Динара Бекмуратовна 22.02.1987 31 Бастауыш сынып мұғалімі
14 Шаяхметова Айнур Руслановна 24.04.1995 22 Бастауыш сынып мұғалімі
15 Кошербаева Мейрамгуль Толегеновна 08.03.1993 24 Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
16 Ибрайкина Анар Айтпаевна 06.10.1985 32 Іс – жүргізуші, информатика пәнінің мұғалімі
17 Омирбекова Алтынай Алибековна 01.06.1962 55 Шаруашылық меңгерушісі
18 Усин Фархат Башариденович 27.04.1987 30 Инженер – программист
19 Кульсаринов Сунгат Табылдинович 28.07.1975 42 Инженер – программист
20 Калиева Нургуль Балгабековна 14.03.1966 51 Кітапханашы
21 Шарипжанова Нурсулу Саматовна 22.10.1990 27 Шағын орталық тәрбиешісі
22 Алимгазина КумысжанЕрмуханбетовна 26.03.1986 30 Шағын орталық тәрбиешісі
23 Муталдина Алия 07.03.1987 30 Шағын орталық тәрбиешісі Бала күту демалысында
24 Наймантаева Амангуль Какимовна 19.12.1977 40 Шағын орталық тәрбиешісінің көмекшісі
25 Бейсенбина Багыт Бапашовна 16.02.1961 57 Шағын орталық кастелянша
26 Борықбаева Жұлдыз Мауаятовна 28.03.1970 47 Шағын орталық кір жуушы
27 Сабырова Кымбат Кажикаримовна 11.05.1979 38 Шағын орталық аспазшысы
28 Мырзахан Әдемі Мырзағалиқызы 22.04.1979 38 Мектеп аспазшысы
29 Жаналина Асемгуль Токешовна 27.12.1979 37 Аспазшының көмекшісі
30 Бекмуханова Шолпан Мукановна 24.02.1964 54 Еден жуушы
31 Садуова Гульмира Балғабековна 07.07.1981 36 Еден жуушы
32 Буркитбаева Бакытгуль Мукамешовна 26.07.1964 53 Күзетші
33 Буркутбаев Серик Айдаргазинович 28.10.1960 57 Күзетші
34 Бекмуханова Гульжан Кенжебековна 30.12.1973 44 Күзетші
35 Ибрайкин Жанат Нуртаевич 08.10.1972 45 Электрик
36 Бейсенбин Садуакас Омиргазинович 25.03.1963 54 Аула сыпырушы
37 Уакбаев Ерсаин Сакенович 24.10.1956 61 Оператор
38 Сапаров Қабден Балтошовиич 02.11.1974 43 Оператор
39 Сабыров Ерсин Жанибекович 30.12.1978 39 Оператор
40 Бейсенбин Талгат Таскайратович 02.02.1985 33 Жұмысшы
41 Бастемова Айжан Кабдыуалитовна 14.01.1981 37 Күндізгі күзетші
42 Смаилова Алмагуль Океновна 25.10.1969 48 Еден жуушы
43 Мустафина Светлана Оспановна 03.12.1985 32 Киім – ілуші

Мектеп бойынша кәсіподақ ұйымының мүшелері: 43

Тізім бойынша мұғалімдер саны:16

Шаруашылық меңгерушісі – 1

Шағын орталықта кіші қызметкерлер саны:6

Шағын орталықтың 1 тәрбиешісі бала күту демалысында

Кітапханашы – 1

Іс – жүргізуші – 1

Инженер – программист – 2

Аспазшы – 2

Аспазшының көмекшісі – 1

Еден жуушы – 3

Күзетші – 3

Күндізгі күзетші – 1

Электрик – 1

Аула сыпырушы – 1

Жұмысшы – 1

Оператор – 3

Киім ілуші – 1

Білім және ғылым ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі

техникалық инспектор туралы

ҮЛГІЛІ ЕРЕЖЕ

1. Жалпыережелер

1.1. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастырушылық құрылымына кіретін білімұйымдарындағыеңбектіқорғаужөніндегітехникалық инспектор туралыосыҮлгілі ереже ХЕҰ-ның 1971 жылғы 23-маусымдағы «Кәсіпорындардағы қызметкерлер өкілдерінің құқығын қорғау және оларға мүмкіндік беру туралы» №135 конвенциясына, ҚР Еңбек кодексіне, ҚР-ның «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сәйкес жасалды.

1.2. Еңбектіқорғаужөніндегітехникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің өкілі болып, кәсіподақ комитетімен сайланады және ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңеспен бекітіледі.

Еңбектіқорғаужөніндегітехникалық инспектор еңбек қауіпсіздігіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.

Бақылаудың мақсаты – қызметкерлерге пайдалы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың дұрыс және уақытында тексерілуі мен есепке алынуын, қызметкерлерге олардың еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақаттану немесе денсаулықтарына келтірілген басқа зақымдану кезінде толық көлемде шығынның өтелуін бақылау болып табылады.

1.3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңестің мүшесі болып табылады.

1.4. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар ретінде қажетті білімі мен икемі бар, өздерінің іскерлік қасиетімен білім ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөнінде жұмыс беруші мен оның өкілдерінің қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алатын тұлғалар бола алады.

1.5. Техникалық еңбек инспекторы өз қызметінде мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара әрекет жасайды.

2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметінің

негізгі міндеттері мен бағыттары

2.1. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметіндегі негізгі міндет- кәсіподақ мүшелерінің пайдалы және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

2.2. Барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарына жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын қадағалауына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға кәсіподақтардың құқықтарын орындауға жәрдемдесу.

2.3. Әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер мен ұжымдық шарттарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты ұсыныстар әзірлеп, енгізуге қатысу.

2.4.Жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жағдайын бақылауды, жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен талаптарды орындауын, еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерінің қадағалануын бақылауды жүргізу.

2.5. Еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы қолдануға және еңбекті қорғау туралы келісімдер мен ұжымдық шарттар бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты еңбек дауларын қарау кезінде мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарда, түрлі инстанциядағы соттарда кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін білдіру.

3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың негізгі

міндеттері мен құқықтары
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор өз қызметін орындай отырып,

3.1. – еңбекті қорғау туралы заңнаманың қадағалануын;

– ұжымдық шарт (келісім) міндеттерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

3.2. – жұмыс берушінің лауазымды тұлғасынан өндірістегі жазатайым оқиғалар және кәсіби аурулар туралы мәліметтер, құжаттар, локальдық құқықтық актілер мен қоғамдық бақылау нысанына қатысты мәселелер бойынша өзге ақпараттарды сұратуға және алуға;

– жұмыс берушіге заңнамада, ұжымдық шартта (келісімде) анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қарауға міндетті ұсыныстарды беруге;

– лауазымдық тұлғаларға жұмыс орнына алкогольдық, есірткі және уланғыш заттармен мас болу жағдайында келген, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап ететін жеке қорғаныс құралдарын қолданбайтын, заңнамамен көзделген жағдай мен тәртіпте еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруден, нұсқаулықтан, медициналық тексерістен өтпеген қызметкерлерді тиісті күні жұмыстан босатуды ұсынуға;

– өндірістегі жазатайым оқиғаға, апатқа және басқа ауыр зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін немесе әкеліп соққан еңбекті қорғау талаптарын бұзушылық анықталған кезде, ұйым қызметкерлерінің еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін кезектен тыс тексеруді және еңбекті қорғау бойынша кезектен тыс нұсқаулықты жүргізу туралы ұсыныстар беруге;

– лауазымды тұлғалардан қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін еңбекті қорғау жөніндегі бұзушылықтарды шұғыл жоюды, ал олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, бұзушылықты жойғанға дейін жұмысты тоқтатуды талап етуге;

– өндірістік кеңес пен кәсіподақ комитетінің мәжілістеріне еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылау мәселелерін шығаруға;

– анықталған бұзушылықтар бойынша қажетті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгінуге;

– еңбек заңнамасымен, ұжымдық шарттармен, келісімдермен көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға құқылы.

3.3. – жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын;

– ауа тазарту және жарық беру қондырғыларының, жабдықтардың, құралдардың, құрылғылар мен құрал-саймандардың, көлік және жүк көтергіш құралдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін;

– жұмысшылардың қажетті арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен уақытында қамтамасыз етілуін, оларды дұрыс пайдалануды және тиісті күтім жасауды (жөндеу, жуу және т.б.) ұйымдастыруды;

– еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулықты жүргізу және жұмысшыларды еңбектің қауіпсіз тәсіліне үйрету сапасы мен уақыттылығын;

– санитарлық-тұрмыстық үй-жай жағдайын, жұмысшыларды сабынмен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етуді, ауыз су режимін ұйымдастыруды;

– жұмыс уақыты мен тынығу уақыты туралы заңнаманың қадағалануын бақылайды.

3.4. – өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды тексеруге;

– еңбекті қорғау мен еңбек жағдайының санитарлық-техникалық жай-күйлерін төлқұжаттауға;

– ғимараттар мен құрылыстардың пайдалануға дайындығын олардың еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына;

– еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізу жөнінде іс-шараларды дайындауға қатысады.

4. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың жұмысын ұйымдастыру және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібі

4.1. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор өз жұмысында заңнаманы, өндірістік кеңес туралы Ережені, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жарғысын, еңбекті қорғау жөніндегі ереже мен нұсқаулықты, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

4.2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор өз қызметін жұмыстың тікелей басшыларымен, мекемедегі (кәсіпорындағы) еңбекті қорғауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлермен, бастауыш кәсіподақ ұйымымен, мемлекеттік еңбек инспекциясымен байланыста құрады.

4.3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбекті қорғау жөніндегі заңнама бұзушылықты, ұжымдық шарттың (келісімнің) орындалмауын анықтаған жағдайда:

– бұл туралы жұмыс берушіге хабарлап, бұзушылықты жою жөнінде шара қабылдауды ұсынады;

– ұжымдық шарттағы (келісімдегі), заңнамалық актілердегі анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар береді.

4.4. Нұсқаулықтар екі данада жасалады: бір данасы жұмыс берушіге тапсырылады (жіберіледі), екіншісі – бақылауды жүргізген еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторда бақылау үшін қалады.

4.5. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы:

– оларды еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен ақпараттандыруды, бақылау нысанына жататын нормативтік құжаттар және нұсқаулықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

– еңбекті қорғау жағдайын жақсарту жөнінде енгізілген ұсыныстарды жүзеге асыруға жәрдемдеседі;

– еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың болымды жұмыс тәжірибелерін жинақтап, оның таратылуын қамтамасыз етеді;

– еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды моральдық және материалдық ынталандыруды қарастырады.

4.6. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіргені үшін жұмыс берушінің лауазымды тұлғалары заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

Волейбол жарысы.

Ахмедиев Асқарбек Қалижанұлын еске алуға арналған мектеп ұжымының арасында өткізілген волейбол жарысы.

Кәсіподақ ұйымы