[espro-slider id=3274]
WhatsAppImage2017-10-17at11.41.32.jpg
Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений


Ата-аналарға ақпарат

 Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда № 13085 болып тіркелді.
“Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін “Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н.Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы

Білім мен ғылым министрінің

2016 жылғы 14 қаңтардағы

№ 26 бұйрығымен бекітілген

Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Жоғарыда аталған Талаптар білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған.
2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғым қолданылады:
орта білім беру ұйымы – бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны.
3. Талаптардың мақсаты – міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және қоғамдық кеңестердің (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) жауапкершілігін арттыру.
4. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар орта білім беру ұйымдарының фойесінде, ал таныстыру мақсатында орта білім беру ұйымдарының Интернет-ресурстарында жарияланады.
2. Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
5. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.
6. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
7. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
8. Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
9. Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
10. Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.
11. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
12. Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.
13. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.04.2016 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.
15. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.
16. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
17. Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады.
18. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады.
19. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
20. Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім қоғамдық кеңеспен келісу арқылы қабылданады.
21. Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.
3. Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау
22. Орта білім беру ұйымының басшысы (бұдан әрі – Басшы) және қоғамдық кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) міндетті мектеп формасын енгізу кезінде осы Талаптарды басшылыққа алады.
23. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысады және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді, оны кез келген сауда желісінен сатып алады.
24. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық (қалалық) білім бөлімдері ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден сатып алуды ұсынады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.04.2016 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Басшы ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін мектеп формасының бекітілуін қамтамасыз етеді.
26. Басшы білім алушылардың мектеп формасын сақтауы мәселесін қоғамдық кеңестің талқылауына шығарады.
27. Басшы осы Талаптармен ата-аналарды немесе заңды өкілдерді білім алушыны білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш (еркін нысанда) беру кезінде қол қойғызу арқылы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысында таныстырады.

Мектеп оқушыларына қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі

1. Әр оқушы өз бойына Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғарғы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті;

2. Оқушы сабаққа кешікпеуі,сабақтан себепсіз қалмауы  тиіс. Егерде оқушы сабақтан себепті қалатын болса,оны анықтамамен дәлелдеуі қажет.

3. Мектеп формасын (берілген үлгісі бойынша)сақтауға, екінші аяқ киімін, сабаққа қажетті оқу-құралдарын үнемі әкелуге, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің  бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақтауға міндетті;

4. Мектептегі  мұғалімдермен, арнайы келген қонақтармен, техникалық қызметкерлермен таныс болмаса да сәлемдесіп жүруге,барлық уақытта өз ана тілінде сөйлеуге міндетті.

5. Оқушы өз ауысымның басталуына 20 минут қалғанда мектепте  болуы тиіс;

6. Қоғамдық өмірге белсене араласып өзінің саналы түрде болашақ мамандық таңдауға  дайындалуы. Еңбек тәрбиесі  бойынша тапсырмаларды орындау   барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерінің қауіпсіздігін  сақтауы керек.

7. Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орнына  келтіру керек;

8. Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды,  жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші мұғалімге немесе мектеп әкімшілігіне тапсыруы тиіс;

9. Сабақ кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды;

10. Достарыңа адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамытуы тиіс;

11. Мектеп қызметкерлері мен ұстаздарға дөрекі сөйлеуге, сөз қайтаруға болмайды;

12. Мектеп ішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамаң келгенше көмектесуін қажет;

13. Қыз балаларға мектеп ішінде  (косметика) бояуларын  пайдалануға, қысқа  және ұзын шашты жинап  оқушыға сай шаш үлгісін сақтауына, 2.5 -3 см жоғары  биік өкшелі аяк киім  киюге тыйым салынады;

14. Мектеп ішінде, сабақ уақытында ұялы телефондарын пайдалануға  тыйым салынады. Ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары  жоғалса мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді

Қатаң тыйым салынады:

1. Мектептіңкүнделіктіережесінбұзуға; /себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу/

2. Үзіліс кезінде оқушы мектептің ішінде жүгіруге, мектеп ауласына шығуға, бірін- бірі итеруге, күш қолдануға , терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға;

3. Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға;құлаққаппен  (наушник) музыка тыңдауға;

4. Кешкі  20.30 дан кейін коғамдық  орындарда, көшеде жүруге;

5. Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;

6. Мектеп оқушысына сай шаш үлгісін сақтау, ер балалар ұзын шаш қоймауға;

7.  Мектепке денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, әкелуге тыйым салынады.

Әр оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

 Мектеп өміріне қатысуға;

1.  Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.

«Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында  сонымен      қатар,  басқа да  нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға;

1.  Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі жәнепедагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;

2.  Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;

3.  Сабақ кестесіне сәйкес оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге;

4.  Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;

5.  Баланың сабақтан тыс іс-шараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;

6.  Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын  қадағалауға;

7.  Егер бала мектеп мүлкін  бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;

8.  Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;

9.  Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;

10.Баланың қалтасында өткір,үшкір,түйрейтін,кесетін,улы заттармен  (пышақ, қайшы,ине,дәрі) жүрмеуін бақылауға;

11.Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;

12.Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;

13.Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;

14.Балаға патриоттық,рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;

15.Баланың  салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;

16.Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдарданқорғауға міндетті.

 Ата-аналарға  қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі

1.Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.

2.Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.

3.Ата-ана баласын мектеп формасымен,екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.

4.Оқушыны демалыс кезінде  мектептің жоспары бойынша  ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.

5.Мектептегі іс-шараларға 6 жасқа толмаған балаларды әкелуге тыйым салынады.

6.Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.

7.Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.

8. Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін  көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие  ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.

     9.Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары  жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.

     10. Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады.

1. Мектепке жол туралы ақпарат

« С І З   Қ А Н Д А Й   А Т А – А Н А С Ы З ? »
(ата-аналарға арналған сауалнама)

 НҰСҚАУ: «Төмендегі сұрақтарға үш түрлі жауап нұсқасымен жауап беріңіз: «иә» – 3 ұпай; «кейде» – 2 ұпай; «келіспеймін» – 1 ұпай. Бір жауапты таңдап, сұраққа шын көңілден жауап беріңіз».

    • Кез келген өз ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
    • Баланың жасын ескермей, онымен ақылдаса аласыз ба?
    • Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктерді мойындайсыз ба?
    • Қателігіңіз үшін баладан кешірім сұрайсыз ба?
    • Баланың жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, игере аласыз ба?
    • Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
    • Бір сәтке мейірімді адам деп сізге сенуге бола ма?
    • Балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
    • Балаға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдені орындайсыз ба?
    •  Бала жүрегін жарақаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
    •  Балаға өзі қалаған ісін жасауға, өзін еркін ұстауға бір күндік мүмкіндік бересіз бе?
    •  Басқа бала сіздің балаңызды ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
    •  Баланың көз жасының, еркелігінің уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?

Келесі кезекте барлық ұпай санын қосыңыз.

0-16 ұпай. Бала тәрбиесі сіз үшін үлкен мәселе. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін мұғалімнің көмегіне сүйеніңіз.

16-30 ұпай. Сіз үшін балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс жүзінде ретпен және бір қалыпты мақсатпен қолдануыңыз керек. Кейде қатал, кейде жұмсақсыз. Сізге жауапкершілік жөнінде ойлану керек.

30-39 ұпай. Бала сіздің өміріңіз үшін ең қымбат болғаны. Сіз балаңызды тек қана түсініп қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысыңыз.

Балалармен қалай қарым-қатынас жасау керек?

    • Баланы қабылдау ­– оны жақсы көру деген сөз. Баланы әдемілігі, қабілеттілігі, үздік оқығаны үшін, әрқашан көмектесетіні үшін жақсы көрмей, оның бар болғаны үшін жақсы көрген жөн.
    • Баланың жеке әрекеттеріне өзіңіздің ренішіңізді білдіріңіз, бірақ та оның барлық түр-тұлғасына өкпелемеңіз.
    • Егер балаңыз көмек сұрамаса, оның айналысып жатқан ісіне кедергі келтірмеңіз.
    • Балаңызға өз әрекетінің теріс жақтарымен кездесуге мүмкіндік беріңіз. Тек осындай жағдайлармен кездескен кезде баланың өсуі мен санасының жетілуі жүзеге асады.
    • Баланы белсенді түрде тыңдау ­­- оның сезімдерін білдіре отырып, өзінің айтқан әңгімесіне “қайтару”.
    • Балаңызға өз сезіміңізді айтқанда бірінші жақтан айтыңыз. Яғни ол және оның мінез-құлқы жайлы емес, өзіңіз, өз сезінулеріңізді жайында айтыңыз.
    • Артық мәселелер мен қақтығыстарды тудырмас үшін өз күтулеріңіз бен балаңыздың мүмкіндігін жайлап өлшеңіз.
    • Балаңызға талап қою мен тыйым салуды айтқанда бұйрық жасап емес, достық-түсіндірмелі тонда хабарлаңыз.
    • Баланы жазалағанда жамандық қылмай, оны жақсыдан шектеген жақсырақ.
    • 10. Балаңызды күніне төрттен артық, тіпті сегіз реттен құшақтаңыз.

 

About

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.