Байкежанова Рымгүл Кенжебекқызы
1961 жылы 21 ақпанда Павлодар облысы, Май ауданы, Қазан совхозында дүниеге келген. 1978 жылы Өскемен мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетінің химия-биология бөліміне оқуға түсіп,1983 жылы химия-биология мамандығы бойынша бітірді.Жас маман Павлодар облысы , Май ауданы, Қазақстан сегізжылдық мектебіне жоғары білімді химия-биология маманы қызметіне кірісті.Ұстаз мамандығымен бірге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда Қазақстан негізгі орта білім беретін мектебінің мектеп директоры , химия-биология пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 34 жыл.
Байкежанова Рымгүл Кенжебекқызы – қазіргі білім саласының жағдайын терең түсінетін тәжірибелі мұғалім,өзінің тынымсыз ізденісті игі еңбектерімен ел, ұжым құрметіне бөленген мектеп басшысы.
Рымгүл Кенжебекқызы өз ісіне жауапты, қазіргі заманға сай оқушылардың байқампаздығын, шығармашылық қабілетін, психологиялық даму үшін теориялық білімді тиімді пайдаланады. Өз іс-тәжірибесінде оқушылардың танымдық белсенділігін, қызығушылығын дамыту барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.
Жыл сайын мектеп оқушылары халықаралық,республикалық, облыстық, аудандық конкурстардың , олимпиадалардың, спартакиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері, атап айтсақ:
2010-2011 оқу жылы 11-сынып оқушысы Каражигитова Майса қазақ тілі пәнінен оқушылардың облыстық пән олимпиадасына қатысып, ПМПИ грантын ұтып алды және ҰБТ нәтижесі бойынша «Алтын белгі» иегері атанып,білім грантына ие болды.
«Кенгуру- математика баршаға», «Кенгуру-лингвист» , «Русский медвежонок – языкознание для всех», «British Buldog», «Адам және қоғам» халықаралық конкурстарының, Халықаралық «Пони» байқауының, «Еуразиялық гендік қор» ғылыми өндірістік білім беру орталығының республикалық фото және көркем сурет, эссе байқауларының,«Ақбота» республикалық интеллектуалдық марафонының жүлдегерлері және жеңімпаздары.
Облыстық интеллектуалдық марафонының, облыстық «Менің Президентім – менің елім» конкурсының,облыстық «Алтын асық» интеллектуалды ойын конкурсының жүлдегерлері және жеңімпаздары, «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми – практикалық шағын олимпиадасында Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ дәрежелі диплом иегері,«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы бойынша оқушылардың облыстық сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасында Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ дәрежелі, орыс тілі пәнінен ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды , биология пәнінен облыстық пән олимпиадасына және облыстық ғылыми жобалар сайысының іріктеу турына қатысушы,облыстық пән олимпиадасында орыс тілі және қазақ тілі пәндерінен ІІ орын иегерлері.
Спорт бойынша оқушылардың ХІІ облыстық қысқы спартакиадасында үстел теннисінен мектеп оқушылары І орын иегері, ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына арналған мектеп оқушыларының ХІІІ облыстық қысқы спартакиада бағдарламасы шеңберінде аудандар арасында үстел теннисінен ұлдар командасы ІІІ орын иегерлері, ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына арналған мектеп оқушыларының ХІІІ облыстық қысқы спартакиада бағдарламасы шеңберінде аудандар арасында үстел теннисінен командалық есепте ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аудандық пән олимпиадасы бойынша қазақ және орыс тілдері,биология пәндерінің,«Жарқын болашақ»аудандық олимпиадасының, аудандық спорттық жарыстардың жүлдегерлері және жеңімпаздары.
2014-2015 оқу жылы 11-сынып оқушысы Сакенов Сагидолла ҰБТ нәтижесі бойынша 123 ұпай алып, «Алтын белгі» иегері атанып,білім грантына ие болды.
Мектеп ұстаздары аудандық пән олимпиадасы бойынша бастауыш сынып, биология,физика,математика, қазақ тілі,ағылшын тілі,география пәндерінің жүлдегерлері және жеңімпаздары.
2011 жылы оқу жылының қорытындысы бойынша тамыз мәжілісінде мектепке аудан әкімінің «Сапалы білім беру қызметінде бәсекелестікке нық қадам басқан мектеп» номинациясы ,2014 жылы оқу жылының қорытындысы бойынша тамыз мәжілісінде мектепке аудан әкімінің «Бәсекелестікке нық қадам басқан мектеп» номинациясы ,2015 жылы оқу жылының қорытындысы бойынша тамыз мәжілісінде мектепке аудан әкімінің «Табысты мектеп» номинациясы,2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты сапалы білім беру нәтижесінде оқушылардың үздік нәтижелерге жетуіне қосқан зор үлесі үшін білім беру бөлімінің «Алтын сапа » номинациясы берілді.
Май ауданының білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі және қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін Байкежанова Рымгүл Кенжебекқызы Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және аудан маслихатының алғыс хатымен ,білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2015 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Рымгүл Кенжебекқызы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Мінезі ақжарқын, әріптестері арасында беделді, ата-аналармен қарым-қатынасы жақсы, шәкірт жүрегіне жол таба білетін, қадірлі де сенімді дос, өзінің мінез құлқысымен, шыдамдылығымен, адамгершілік қасиеттермен үлгі өнеге болып табылатын білімді маман,білікті басшы.
Мектеп жайлы мәлімет
Құрылған жылы: 1994 жыл
Мекеменің толық аты: “ Қазақстан негізгі орта білім беретін мектеп”
мемлекеттік мекемесі
Мекен-жайы: Қызыл-еңбек ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, ғимарат 1
е-mail:kmektep@bk.ru .тел 8/17838/-40-1-46
Директор: Байкежанова Рымгуль Кенжебековна
Мектептің жұмыс тәртібі: І ауысым 1-9 сыныптар
Мектептің жұмыс бағыты
Негізгі мектеп 5-9-сынып ІІ бағыт
Бастауыш мектеп 1-4-сынып І бағыт
Мектепалды даярлық 0-сынып бастапқы бағыт «Қазақстан негізгі орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінде 2016-2017 оқу жылының басында 47 оқушы, 9 сынып, 7 комплект бар. Бастауыш мектепте- 28, негізгі мектепте -19 білім алуда.
Мектептің тақырыбы:
“Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып ұлттық сана сезімі қалыптасқан бәсекеге қабілетті, әрі құзіретті тұлға тәрбиелеу”
Мақсаты:
Оқушыларға білім беру арқылы бәсекеге қабілетті, құзіретті жеке тұлға қалыптастыру.
Мектеп мәселесі:
Оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалана отырып, кәсіби шеберлікті шыңдау барысында оқушылардың білім сапасын арттыру